363
Әйелдер арасындағы бокстан Азия чемпионатының жартылай финалы өтеді
Әйелдер арасындағы бокстан Азия чемпионатының жартылай финалы өтеді
Бүгін бокстан әйелдер арасындағы Азия чемпионатының жартылай финалдық жекпе-жектері өтеді, – деп хабарлайды «Қазақпарат».
Вьетнамның Хошимин қаласында өтетін спорттық бәсекеде 11 елден жиналған спортшылар құрлық турнирінің медальдарын сарапқа салады. Жартылай финалға Үндістаннан – 7, Қазақстан мен Вьетнамнан – 6, Қытайдан – 5, Солтүстік Кореядан – 4, Тайпей мен Өзбекстаннан – 4, Моңғолия мен Оңтүстік Кореядан – 2 және Тайланд пен Жапониядан – 1 спортшы қатысады.
«Статистика биылғы Азия чемпионатында Үндістан, Қазақстан, Вьетнам, Қытай және Солтүстік Корея өкілдері медальдар үшін күрес жүргізетін басты командалар екенін көрсетеді. Камбоджа, Мьянма, Непал сияқты турнир дебютанттары медальдар сарапқа салынатын сатыға көтеріле алмады. Дегенмен осы елдерден келген боксшы қыздар айтарлықтай тәжірибе жинақтады», – дейді Азия бокс конфедерациясының атқарушы директоры Бағдәулет Төреханов.
Айта кетейік, Азия біріншілігінің финалдары ертең, яғни, 8 қараша күні өтеді.