Францияда қытайлықтар бұзақылардың құрбаны болды

Францияда қытайлықтар бұзақылардың құрбаны болды

Францияда қытайлықтар бұзақылардың құрбаны болды
ашық дереккөзі
285
Париж қаласына жақын жерде қытайлық саяхатшыларға шабуыл жасалды, – деп хабарлайды 24.kz арнасы. Арнаның хабарлауынша, оқыс оқиға  Франция астанасы – Парижге жақын жерде орын алған. Бетперде киген 4 жігіт автобустан енді шыға берген 40 саяхатшыға көзден жас ағызатын газ шашқан. Артынша сөмкелері мен қалталарындағы ақшаларын сыпырып кеткен. Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары саяхатшыларға шабуылдаған қаскөйлерді іздестіру үстінде. Қытайдың сыртқы істер министрлігінің өкілдері болған оқиғаға қатысты алаңдаушылық білдірген. Олар француз құқық қорғаушыларын қылмыскерлерді жедел тауып, шетелдік туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шақырды. Айта кетейік, Францияда бұған дейін де осыған ұқсас оқиға орын алған екен. Үстіміздегі жылдың шілде айында бұзақылар аспан асты елінен келген саяхатшылар тобын соққыға жығып, бағалы заттарын тонап кеткен еді. Ол кездегі қарақшылар әлі күнге дейін табылған жоқ.  

Серіктес жаңалықтары