295
Техас штатындағы жаппай атысқа отбасылық жанжал себеп болуы мүмкін
Техас штатындағы жаппай атысқа отбасылық жанжал себеп болуы мүмкін
АҚШ-тың федералдық тергеу бюросының өкілдері Техас штатындағы жаппай атыстың лаңкестікке қатысы жоқ деп отыр, – деп хабарлайды 24.kz арнасы.
Алдын ала ұсынылған мәліметтерге сүйенсек, қанды қырғынға отбасылық жанжал себеп болуы мүмкін. Өйткені құрбандар арасында қаскөйдің бұрынғы әйелінің туысы бар. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, ол кезінде жұбайы мен баласына жәбір көрсеткені үшін айыпталған екен.
«Оқ атылған шіркеуде қаскөйдің бұрынғы енесі болған. Қаскүнем ол кісіге қоқан-лоқы көрсеткен. Тергеу аяқталғанша, оқиғаға қатысты басқа мәліметті жария ете алмаймыз. Бірақ қылмыстың нәсілдік не діни негізде жасалмағанын айту керек. Бұл – отбасындағы кикілжіңнен туындаған қайғылы жағдай», – дейді Техас штаты қоғамдық қауіпсіздік жөніндегі басқармасының өкілі Фриман Мартин.
Естеріңізге сала ктесек, бұл оқиға женсенбі күні Техас штатындағы Сазерленд-Спрингс қалашығында болған. Девин Келли есімді ер адам шіркеуде оқ атып, 26 кісіні мерт қылған. Тағы жиырмадан астамы жарақат алған. Атыстан кейін қаскөй сыртқа шыға бергенде, жергілікті тұрғындардың бірі оқ атып, оны жаралаған. Шабуылшы артынша ізін суытқан. Алайда көп ұзамай көлігінің ішінен өлі күйінде табылды. Тергеу мәліметі бойынша ол өзіне-өзі қол жұмсаған болуы мүмкін.