Грант иегерлерi 3 жыл мамандығымен жұмыс істеуге мiндеттi болмақ

Грант иегерлерi 3 жыл мамандығымен жұмыс істеуге мiндеттi болмақ

Грант иегерлерi 3 жыл мамандығымен жұмыс істеуге мiндеттi болмақ
ашық дереккөзі
387
Грант иегерлерi кемiнде үш жыл мамандығы бойынша жұмыс істеуге мiндеттi болмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Жаңа заңының жобасын Парламентi Мәжiлiсi бiрiншi оқылымында-ақ мақұлдаған.
"ҚР кейбiр заңнамалық актiлерiне бiлiм беру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" ҚР заңының жобасы негізінде, "Бiлiм туралы" ҚР Заңының 47-бабына мемлекеттiк бiлiм тапсырысы негiзiнде бiлiм алған азаматтар оқу орнын бiтiргеннен кейiн кемiнде үш жыл мамандығы бойынша жұмыс істеуге мiндеттi екенi туралы жаңа норма енгiзедi.
Заң жобасы қолданысқа енгiзiлгеннен бастап, педагогикалық және медициналық мамандықтарда білім алғандар үш жыл мамандығы бойынша тұрақты жұмыс істеуге міндеттеледі. Ал қалған мамандықтарға, 2017 жылғы 1 қаңтарынан бастап заң талабын орындау міндеттелмек.
2014 жылы 69624 талапкерге 2014-2015 оқу жылына аралаған 34 мың 165 білім гранты бөлінген. Бұның ішінде техникалық мамандықтарға 12600, ауылшаруашылығы және ветеринария саласына 2670, педагогикалық мамандықтарға 5864 грант бөлінді. Білім грантын иеленген жастардың 31 мың 165 гранты күндізгі бөлімге, 500-і сыртқы бөлімде оқитын талапкерлерге бөлінген. Алайда, мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысымен көптеген жас білім алады. Алайда, оқуын аяқтаған түлектердің басым бөлiгi мамандығы бойынша жұмысқа орналаса алмайды немесе өз бетімен басқа жұмыс істеп кетеді екен.

Серіктес жаңалықтары