Екі ауыл арасындағы жанжалдан 1 адам қаза тауып, 7 адам жарақаттанды

Екі ауыл арасындағы жанжалдан 1 адам қаза тауып, 7 адам жарақаттанды

Екі ауыл арасындағы жанжалдан 1 адам қаза тауып, 7 адам жарақаттанды
ашық дереккөзі
333
Жамбыл облысында қос ауыл тұрғындарының арасындағы қару қолданылған жанжалдан бір адам қаза тауып, жетеуі түрлі дене жарақатымен ауруханаға түсті. Бұл туралы облыстың ІІД баспасөз қызметі хабарлады. Полицейлердің мәліметінше, 6 қараша күні кешкі уақытта Аса ауылынан Құмтиын ауылына бағыт алған автобустардың бірінде қос жолаушы керісіп қалады. «Түнге қарай қақтығыс жалғасын тауып, соңы атысқа ұласқан. Салдарынан жарақат алған 7 адам аудандық орталық ауруханаға түскен. Өкінішке қарай, Жамбыл облысына қарасты Қаракемер ауылының 30 жастағы тұрғыны кеуде тұсынан алған жарақатынан көз жұмды», – делінген ведомство хабарламасында. Бұндай қылмысқа барғандарды 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Тергеу ісі аясында сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу ісі жүріп жатыр.

Серіктес жаңалықтары