СҚО: Әжесі жаңа туған немересін пешке жағып жіберген

СҚО: Әжесі жаңа туған немересін пешке жағып жіберген

СҚО: Әжесі жаңа туған немересін пешке жағып жіберген
ашық дереккөзі
503
Солтүстік Қазақстан облысында әжесі жаңа туған немересін пешке жағып жіберді, деп хабарлайды КТК.
 Оқиға Мамлют ауданы Дубровное ауылында болған. Мұнда Олеся Грудинская анасымен, 9 жасар ұлы және жаңа туған қызымен тұрған екен.
Әйел 19 қазанда қыз босаныпты. Араға үш күн салып үйіне келгенімен, шақалақтың қызуы көтеріліп, олар қайтадан ауруханаға түскен. Әжесі немереме дәрі егетін болды деп уайымдаған да көрінеді. Алайда оқиға болған күні неге екені белгісіз, ол қызы мен үлкен немересін нанға жұмсап, өзі сұмдық қылмысқа  барған. Ауыл тұрғындарының айтуынша, аздап ішетіні болмаса, Любовь Русалиеваның ешкімге зияны жоқ, көршілерімен тату болған. Алпысты алқымдаған Любовь Русалиеваның мұндай әрекетке не итермелегенін қазір тергеушілер анықтап жатыр. Мерт болған шақалақтың денесі әлі мәйітханада. Анасы туу туралы куәлік те алып үлгермепті. Тек Валентина деп ат қойған.  

Серіктес жаңалықтары