261
Қыста Алматы көшелерін қардан тазалау түйіткіл тудырмайды
Қыста Алматы көшелерін қардан тазалау түйіткіл тудырмайды
Алматыда коммуналдық қызметке жаңа техникалар сатып алынды. Шаһар басшысы Бауыржан Байбек қыста қала көшелерін тазалайтын арнайы техникаларды көрді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бүгін Алматы әкімі Бауыржан Байбек қала бюджетінің есебінен коммуналдық қызметке алынған жаңа арнайы техникаларын қарап шықты. Бұлар «КАМАЗ» шассиіндегі құрамалы 14 тазалағыш машиналар, өтімділігі жоғары «Unimog» үш көпфункционалды тазалағыш көлік, екі «Snowbooster» қар тазалайтын машиналар, конвейер-вакуумды «Dulevо» машинасы, қар тазалайтын «16 Pony» машинасы, 20 минитракторлар мен минитиегіштер.
«Қалада жаяу жүргіншілерге жағдай жасалып жатыр. Демек, қыста тротуарларды тазалауға ерекше мән беріледі. Қаланың тарихи орталығының үштен бірінің жаңаруына орай арнайы техникалар - көпфункционалды «Pony» машинасы, мини тиегіштер, жеңіл тракторлар алынды. Жұмысшылар ақау келтірмейтін құралдарды пайдаланатын болады», - деді Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Әсет Масабаев.
Әсет Масабаевтың айтуынша, қалада тазаланатын жолдың жалпы көлемі - 20 млн шаршы метр. Қыста көше тазалаумен 15 мердігер ұйым, 1116 арнайы техника бірлігі айналысады. Жол тазалаумен айналысатын жұмысшылар қатарын 1,2 ден 2,7 мың адамға көбейту көзделген. «Бұлардан өзге қала аудандарында өндірістік базалар құрылған, соның арқасында көше тазалау жылдамдығы 1,5 есеге артады. Жұмысшылар шоғырланатын орындарға олардың киімдерін ауыстыруға, ыстық шай ішіп, жылынуына мүмкіндік беретін модульді контейнерлер қойылады»,- деді ол.