Бекшин: Қырғызстаннан келетін тауарлардың сапасы төмендеп кетті

Бекшин: Қырғызстаннан келетін тауарлардың сапасы төмендеп кетті

Бекшин: Қырғызстаннан келетін тауарлардың сапасы төмендеп кетті
ашық дереккөзі
253
Еліміздің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті төрағасының айтуынша, қазан айындағы тексеріс барысында тағам өнімдерінің 23 пайызы техникалық регламент талаптарына сай келмейтіні белгілі болған. Бұл турады 24.kz хабарлады.  Көп жағдайда тауарлар қауіпсіздік ережесі мен физикалық-химиялық көрсеткіштерге сәйкес келмейді екен. Сонымен қатар өндірушілер таңбалау қағидаларын да жиі бұзатын көрінеді. Ал жеңіл өнеркәсіпте бұл көрсеткіш 44 пайызды құрайды. Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті төрағасының мәліметінше, отандық өндірушілер өнімінің 12 пайызы, импорттық өнімдердің 90 пайызға жуығы техникалық регламент талаптарына сай емес. Жандарбек Бекшин, ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы: -  Былтыр Қырғызстаннан жеткізілген өнімнің 4 пайызы техникалық регламент талаптарына  сәйкес келмесе, биыл бұл көрсеткіш 10 пайызға жетті. Яғни қырғыз тауары қауіпсіздігі мен сапасы жағынан 2,5 есеге төмендеп кетті. Дегенмен біз бұл мәселеге баса мән беріп отырмыз. Қырғызстандық әріптестерімізге көмектесуге дайынбыз.

Серіктес жаңалықтары