Таразда туристік форум өтті

Таразда туристік форум өтті

Таразда туристік форум өтті
ашық дереккөзі
296
Тараз қаласында 350-ден астам шетелдік және отандық маманның қатысуымен Халықаралық туристік форум өтіп жатыр, деп хабарлайды 24.kz арнасы. Арнаның хабарлауынша, бұл Қазақстанның туризм саласындағы компанияларына Еуропа, Қытай, Түркия, Орталық Азия және өзге де елдердегі әріптестерімен пікір алмасып, тәжірибесімен танысуға мүмкіндік береді.  Форумның басты мақсаты – елімізге келетін туристер санын арттыру. Шетелдіу меймандардың айтуынша, елімізге келетін туристер санын арттыру үшін бірінші кезекте Қазақстандағы тарихи-мәдени нысандардың жарнамасын жақсарту керек. Өткен демалыс күндері Жамбыл өңірінің туристік жерлерін арнайы аралаған қонақтар аймақтың бұл саладағы әлеуеті жақсы деген баға берді. Тек ақпараттық насихатқа көбірек көңіл бөлінсе болғаны. Екіншіден, қызмет көрсету орындарын көптеп ашу қажет. Бұл ретте әсіресе тамақтану бекеттерінде жергілікті өнімдерге басымдық берілуі тиіс. Форум аясында тұрақты туризмді дамыту үшін Қазақстанның мәдени және табиғи мұраларының жағдайы, экологиялық туризм, аймақтарды халықаралық нарықта позициялау мәселелері де сөз болды. Басқосуда Ұлы Жібек жолы бойындағы туризмді дамытуға ерекше көңіл бөлінді. Қатысушылар бұл бағытта Қазақстанда көптеген нысанның бар екендігін атап өтуде. Форум аясында бірқатар шетелдік компания мен ұйымдар және еліміздің мекемелері арасында меморандумдарға қол қойылды. Келісімдерге сәйкес қос тарап өзара ынтымақтастықты бекіте түспекші. Сондай-ақ бірнеше мемлекеттің елшілерімен де кездесулер болып өтті. Онда туроператорларға жағдай жасау және өзара қарым-қатынасты нығайту мәселелері сөз болды. Форум жұмысы ертең аяқталады. Бағдарлама бойынша түс ауа мастер-класс, кездесулер мен түрлі талқылаулар өтеді.  

Серіктес жаңалықтары