284
Алматыда кеміргіштерді улауға 86 млн теңге бөлінді
Алматыда кеміргіштерді улауға 86 млн теңге бөлінді
Алматы қаласы әкімдігі кеміргіштерді улауға 86 млн теңге бөлді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұл қаржы кеміргіштерден тарайтын жұқпалы аурулардың алдын алуға бағытталмақ.
Дератизация жұмыстары көбіне Алатау ауданындағы ғимараттарда жүргізілетін болды. «Егеуқұйрықтар иерсиниоз, листериоз, туберкулез тағы басқа ауруларды таратады. Бұл кеміргіштердің санына тікелей байланысты. Неғұрлым жануарлар саны көп болған сайын, ауру тарау көрсеткіші де жоғары болмақ. Кеміргіштер азық-түлік кәсіпорындарына үлкен шығын әкеледі», - деді қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінен. Қызметкерлер улы химикаттарды саябақ аймақтарында, жекеменшік үйлердің маңында, көппәтерлі үйлердің жертөлелерінде шашады. Айта кету керек, жыл сайын күзде және көктемде Алматы мен қала маңайында 47 га аумақта дератизация шаралары жүргізіледі.