"Астана" қаржы орталығына 40 млрд доллар инвестиция тартылмақ

"Астана" қаржы орталығына 40 млрд доллар инвестиция тартылмақ

"Астана" қаржы орталығына 40 млрд доллар инвестиция тартылмақ
ашық дереккөзі
326
Астана Азиядағы 20 жетекші қаржы орталығының қатарына қосылуы тиіс, – деп хабарлайды 24.kz арнасы. Арнаның хабарлауынша, алдағы он жылда елімізде «Астана» халықаралық қаржы орталығы арқылы 40 миллиард доллар көлемінде инвестиция тарту көзделіп отыр. Бұл туралы бүгін елордада «ЭКСПО-2017 мұрасы» тақырыбында өткен дөңгелек үстел барысында айтылды. Негізі бұл қаржы орталығы ЭКСПО қалашығы аумағында орналасады. Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевтың айтуынша, онда Ай-Ти стартаптарының халықаралық технопаркі жұмыс істейтін болады. Технопарк шамамен 10 мың шаршы метр аумақты қамтиды. Қазір мұнда жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Жоспар бойынша, алдағы 10 жылда Астана Азиядағы 20 жетекші қаржы орталығының қатарына қосылуы тиіс. «Әдетте, көрме аяқталғанда оның аумағындағы нысандарды қалай пайдалану туралы сұрақ туындайды. ЭКСПО қалашығында аймақтық қаржы, технологиялар мен жасыл технологияларды дамыту орталығы болады. Ал «Астана» халықаралық қаржы орталығы келесі жылдың 1 қаңтарында іске қосылуы тиіс. Алдағы желтоқсанда жоспарға сәйкес, компанияларды тіркеуге кірісеміз. Ал келер жылдың бірінші тоқсанында орталықтың биржасы жұмысын бастауы керек», – дейді  «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов.

Серіктес жаңалықтары