Қуықалды безге жасалған бірегей ота

Қуықалды безге жасалған бірегей ота

Қуықалды безге жасалған бірегей ота
ашық дереккөзі
273
Қазақстанда алғаш рет қуықалды безге бірегей ота жасалды. «UMC» корпоративтік қорының Республикалық диагностикалық орталығында Қазақстанда алғаш рет амбулаториялық жағдайда «Қуықалды безінің қатерсіз гиперплазиясы кезінде тамыр ішіндегі эмболизация» бірегей отасы жасалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «UMC» корпоративтік қорының Республикалық диагностикалық орталығының Сәулелі диагностика бөлімінде амбулаториялық жағдайда «Қуықалды безінің қатерсіз гиперплазиясы кезінде тамыр ішіндегі эмболизация» бірегей медициналық технологиясы атқарылды. Мұндай ота Қазақстанда алғаш рет жасалып отыр. Жаңа технологияны меңгеру үшін орталықтың екі қызметкері - профессор Б.Әбішев пен дәрігер К.Байжанұлы Бразилияның Сан-Пауло қаласының университеттік клиникасына барып, аталған тәсілдің негізін қалаушы профессор Франциско Карневаледен үйреніп қайтты. Қуықалды безінің қатерсіз гиперплазиясы ерлердің жыныстық жүйесінде барынша жиі кездесетін, егде тартқан кісілердің өміріне қиыншылық тудыратын ауру саналады. Аурудың қайталануы, науқастың жасы, қатер жүретін өзге де диагноздар ауруды қиындата түседі. Дәстүрлі хирургиялық әдістер бойынша оны емдеу үшін денені кесіп, наркоз қолданылады және отадан кейін күрделі асқыну болуы ықтимал. Осы себепті ол шаралар науқастардың көпшілігіне жасалынбайды және консервативтік терапия тиімсіз болады. Аталған технология аз зақымды және жоғары нәтижелі саналады және оны қолдану аспектілері жіті зерттеуді қажет етеді. Бірінші кезекте көрсетілімдері мен қарсы көрсетілімдері анықталады, оны жасаудың техникалық мәселелері қаралады, эмболизация жасау ұзақтығы қысқарады, болуы ықтимал асқынулардың алдын алады және т.б.        Қуықалды безіне эмболизация жасау үшін арнайы оқытылған, түрлі тамырларға эмболизация жасау тәжірибесі бар медициналық мамандар керек. Олар - тамырларды сүмбілеуде тәжірибелік машығы бар, кіші жамбас органдары тамырларының анатомиясын білетін рентгенхирург, тәжірибелі рентгеноперациялық мейіргер

Серіктес жаңалықтары