Қазақстан әртістері алғаш рет Астраханда өнер көрсетті

Қазақстан әртістері алғаш рет Астраханда өнер көрсетті

Қазақстан әртістері алғаш рет Астраханда өнер көрсетті
ашық дереккөзі
349

27 мамырда Астрахан қаласының Опера және балет мемлекеттік театрында «Қазақ мәдениеті: салт-дәстүр және бүгінгі заман» атты әдеби-көркем кеш өтті. Бұл туралы, Қазақстанның Ресей федерациясындағы Елшілігінің баспасөз-қызметі хабарлады.

Салтанатты кешті Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігі ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің, сондай-ақ РФ Астрахан облысы әкімдігі бірлесе ұйымдастырған. Бұл іс-шара 2014 жылғы қыркүйек айында Атырауда 11-шы Аймақаралық ынтымақтастық форумы барысында Қазақстан мен Ресей мемлекет басшылары екіжақты гуманитарлық байланыстарды одан әрі кеңейту және тереңдету бойынша қол жеткізген уағдаластықтарының нақты іске асырылуы деп жазылған хабарламада. Әдеби-көркем кештің ұйымдастырылуы өткен жылы Қазақстанның Ресейдегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Марат Тәжиннің Астрахан облысының губернаторы Александр Жилкинмен кездесуі кезінде келісілген еді. Губернатор Елшіліктің бастамасын қолдап, еліміз шекарасымен шектес 150 мың қандастарымыз тұрып жатқан Астрахан облысында өткізуді ұйғарған.

Салтанатты кеште Ресейдегі Қазақстан Елшілігінің кеңесші-уәкілі Виктор Темірбаев "Бүгінгі кеште өнер шеберлері ізгі ықыласпен сіздермен, құрметті достар, ардақты қандастар, өздерінің рухани байлығымен бөлісуде", - деді құттықтау сөзінде.  Ал Астрахан облысы Думасының төрағасы Александр Клыканов: «Осы әдеби-көркем кеш астрахандықтардың әрине үлкен қызығушылығын туғызуда. Бұндай іс-шаралар екі елде тұрып жатқан халықтардың арасындағы  мәдени байланыстарды тереңдетуге мүмкіндік береді», - деді.

Астрахан қаласының бас сахнасына Қазақстанның халық әртісі Тұнғышбай Жаманқұлов, еліміздің еңбек сіңірген әртісі Михаил Токарев, атақты әнші, жыршы, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Бекболат Тілеухан, әнші Салтанат Ахметова, Диана Шарапова, Атырау облысының Дина Нұрпеисова атындағы қазақ халық аспаптар оркестрі, «Ақ Жайық» би тобы, Әлібек Альмадиев, «Voice.kz» тобы, Батыс-Қазақстан облысының қазақ драма театрының актерлары және тағы басқа өнер шеберлері өнер көсретті.

Концертті тамашалаған Астрахан қаласының тұрғыны Александра Монастырская: «Концерт тамаша өтті, басқаша айтуға келмес. Бізге осы жасалған сыйлық үшін Қазақстанның Ресейдегі Елшілігіне және Астрахандағы консулдығына үлкен алғыс айтқым келеді. Мен өзім туған жерім Атырау. Жеке мен үшін бүгінгі салтанатты кеш жүрегімде қуаныш сезімін туғызды. Қазақстан әртістері өте дарынды, ал дауыстары керемет. Сіздер бүгін жасаған керемет отан сүйгіштігіңіз Қазақстанды шын қадірлеу жолын көрсетеді», - деп алғысын білдірді. Концертке келген қазақ диаспорасының өкілі Артур Тыныштанов: «Мен қазақ халқымның мәдени байлығын әр кезде мақтан етемін, бүгін осыны тамашалағаныма өте риза болдым», - деді.

Cалтанатты кешті ұйымдастырушлар, Астрахан облысының қазақтары үшін есте қалатын жарқын мәдени оқиғалардың бірі  болатынына сенімді.

DSC_0056 DSC_0078 DSC_0169 DSC_0356

Серіктес жаңалықтары