Қазақ психологиялық қоғамы құрылды

Қазақ психологиялық қоғамы құрылды

Қазақ психологиялық қоғамы құрылды
ашық дереккөзі
1991

Қазақстанда алғаш рет «Қазақ психологиялық қоғамы» құрылды. Психологтардың 24 жыл бойғы күресінің нәтижесінде тіркелген респуб­­ликалық қоғамдық бірлестіктің Алматыда ресми ашылуы өтті.

Қоғамның мақсаты – Қазақстанда психология ғылымының дамуына жан-жақты ықпал ету. Ұлттық психология мәселелерін шешу. Ғылыми және инновациялық зерттеулерді жандандыру. Отандық және шетелдік психология ғалымдарын байланыстырып, кәсіптік жағынан жетілдіре түсуге ықпал жасау. «Қазақстандағы психологиялық ахуалды зерттейтін, азаматтарға психологиялық кеңестер беретін орталықтардың барлығы орыс тілінде қызмет көрсетеді. Қазақ тілді психолог тренерлер жоқ. Қазақ психологиясында «жоқ» деген дүние өте көп», – дейді Қазақ психологиялық қоғамының президенті Мұқан Перленбетов. Сондай-ақ, психологтар ақпараттық кеңістікте де психологиялық мазмұндағы қазақ тілді материалдарды кездестіре алмағандықтарын айтады.

Қоғамда қылмыстың барлық түрі де адам психологиясының орнықсыздығынан, жүйкенің күйзеліске төтеп бере алмауынан туындайтын көрінеді. Бұның басты себебі Қазақстандағы психологтардың жетіспеуінен деп есептейді мамандар. Мәселен, Оңтүстік Қазақстандағы 1500 мектепте мыңға жуық психолог қана қызмет етеді екен. Ал олардың 80 пайызға жуығы білімді сырттай алған, біліктілігі төмен мамандар. Бұдан бөлек, «Қазақстандағы психологияның дамымауына оқу орындарының жетіспеуі, білім берудегі әдістемелік құралдардың тапшылығы, психологиялық білім берудің бытыраңқы түрде жүргізіліп жатқандығы да өз әсерін тигізіп отыр. Сондықтан, Қазақстан психологтарының басын біріктіретін қоғам құру қажет болды», – дейді психолог.

Психологиялық қоғамның тағы бір жаңалығы – қазақ психологиясының ұлттық кеңесін құрмақ. Бұл кеңес психология саласындағы науқаншылықпен шалағай аударылған кітаптарды қайта түзетуге, аудармадағы олқылықтарды реттеу және отандық психологияның кенже қалған саласы – отбасы және даму психологиясына арналған зерттеу еңбектер қатарын көбейту мәселесімен шұғылданбақ. «Қазақтың ұлттық психологиясына терминологиялық орталық қажет. Шетелден келетін түрлі психологиялық мазмұндағы кітаптарға Қазақтың ұлттық психологиялық қоғамы өзіндік бағасын беру керек», – дейді Мұқан Әтенұлы. Сондай-ақ, Қазақстандағы ұлттық психологиялық ахуал қандай деңгейде деген сауалға да Психологиялық қоғам жауап іздемек. Бұның басты шарты ретінде, психологиялық ахуалды зерттейтін қазақстандық модель жасақтау мәселесі қозғалды.

Психологтарды толғандыратын тағы бір жайт, Қазақстанда жұмыс істейтін психологтар ешқандай заңдық тұрғыдан қорғалмаған. Білім беру мекемелерінде орын алған қылмыстар кезінде көбіне жауапқа психологтар тартылатын көрінеді. Тіптен, бір мектептегі суицид жасаған оқушының өлімінен кейінгі тергеу амалдары кезіндегі жөнсіз сауалдар мен қысым кесірінен психолог маман да өзіне қол жұмсағандығы жайлы деректер тіркелген. Сондықтан, қоғамдық бірлестік психологтарды қорғайтын заңнамалық актілерді дайындау ісін тездетіп қолға алмақ.

Қазақстанда Кеңес өкіметі уақытында 1957 жылы құрылған КСРО психологтар қоғамының бөлімшесі жұмыс істепті. Алайда оның қызметі партияның үгіт-насихат шеңберінен аспаған. Аталған ұйым 1989 жылы соңғы сьезін өтізіп, тараған екен. Ал Тәуелсіз Қазақстанда сонан бері психологтар қоғамы құрылмаған. Көрші Қырғызстан 90-жылдардың өзінде үш қоғам құрып, қарқынды жұмыс істепті. Нәтижесінде, бүгінде Қырғызстанда ұлттық психология пәні 1-11 сыныпқа дейінгі аралықта жүйелі түрде оқытылады екен. Ал Кеңес өкіметі ыдырағаннан кейін Ресейдегі 56 үлкен қаладағы оқу орындарында психология факультеттері жұмыс істеген. Бүгінде Ресейде мемлекеттік және ұлттық психология саласында 56 мың психолог қызмет атқарып жүр. «Әлемде жүзден астам мемлекетте психологиялық қоғам бар. Олардың барлығы ең беделді ұйым, Халықаралық ғылыми психологиялық Ассоциациясына мүше. Оның орталығы – Нюь-Йорк. Біз де алдағы уақытта сол халықаралық ұйымға мүше болуға ұмтылуымыз керек», – дейді Қазақ психологиялық қоғамының вице-президенті, профессор Құбығұл Жарықбаев. Ғалымның айтуынша, бұған дейін Қазақ психологтары академик Төлеген Тәжібаев атындағы Этнопсихология, этнопедагогика орталығына топтасып қызмет атқарған. Шағын орталық халықаралық деңгейде 14 ғылыми-практикалық конференция өткізіп, «Этнопсихология және этнопедагогика» атты 18 томдық еңбек шығарды.

Жаңадан құрылған Психология қоғамы еліміздегі 30-дан астам психология ғылымдарының докторы, он шақты кандидат пен тәлім-тәрбие саласындағы сан алуан проблемаларды зерттеп жүрген 350-ден астам ғалымның басын біріктіріп, ұлттық психологияның бүгінгі олқы тұсын толықтырады деген сенімдеміз.

KMS_0892KMS_0879KMS_0891KMS_0903

[caption id="attachment_4314" align="alignnone" width="1000"]Мұқан Перленбетов, Қазақ психологиялық қоғамының президенті Мұқан Перленбетов, Қазақ психологиялық қоғамының президенті[/caption] [caption id="attachment_4313" align="alignnone" width="1000"]Құбығұл Жарықбаев, профессор Құбығұл Жарықбаев, профессор[/caption]

Серіктес жаңалықтары