271
Қазақстандық фильм алғаш рет бір уақытта 5 елде көрсетіледі
Қазақстандық фильм алғаш рет бір уақытта 5 елде көрсетіледі
Қазақстандық фильм алғаш рет бір уақытта 5 елде көрсетіледі. Танымал қазақстандық режиссер Ақан Сатаевтың «Она» фильмі ТМД-ның бес елінде прокатқа шығарылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
«Она» психологиялық триллері бірнеше елде бір уақытта прокатқа шығарылған алғашқы толықтай қазақстандық өнім атанды. Ол ТМД-ның бес елінде - Қазақстан, Ресей, Беларусь, Армения және Қырғызстанда көрсетіледі.
Фильмде басты рөлді танымал театр және кино актрисасы Айсұлу Әзімбаева мен 9 жасар Анастасия Вострова сомдаған.
Сюжет бойынша, бүлдіршін қыз анасымен бірге үлкен қалада өмір сүреді. Бұл қалада олардан басқа ешкім болмайды. Алайда, бір күні қызға өзін біреу аңдып жүргендей және оны анасынан айырғысы келетіндей сезіледі. Екі кейіпкер де ақырын естерінен ауыса бастайда, бірақ олар тірі жан баласы жоқ қалада тағы бір адамның барын байқайды.
Айта кетейік, «Она» психологиялық триллері бүгіннен бастап ТМД-ның 5 еліндегі 400 кинотеатрда, соның ішінде Қазақстанның 70 кинотеатры мен Ресейдің 350 кинотеатрында прокатқа шығады. Фильмнің әлемдік премьерасы Пусандағы кинофестивальде өтті.