4463
Өнерің өрге жүзсін, жас өркен!
Өнерің өрге жүзсін, жас өркен!
Таяуда Ақтөбе облысында «Тәуелсіздік – жыр-әнім» облыстық өнер фестивалі өтті. Фестивальге қатысқан 74 талантты өнерпаздың арасынан үш аталым бойынша 12 өнерлі жас жүлдегер атанды.
Өнер фестивалінің мақсаты: «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында көрсетілгендей, өскелең ұрпақтың бойында туған жерге, Отанға, қазақ тіліне, қазақ халқының рухани мұрасына деген сүйіспеншілікті арттыру және оқушылардың бойында еліміздің рухани құндылығы – төл өнерімізге, оның ішінде шешендік, жыршылық, ақындық өнерге деген қабілеттерін шыңдау, нағыз таланттарды насихаттау, қолдау, патриотизмге тәрбиелеу», – дейді Ақтөбе облыстық тілдерді дамыту басқармасының бас маманы Бақыттыгүл Абиева.
Фестиваль аясында «Таза, мінсіз асыл сөз...» шешендік өнер байқауы, «Көмейден жыр ағылсын...» жыршылардың, «Тәуелсіздік тартуы» бала ақындар мүшәйрасы өткізілді. «Таза, мінсіз асыл сөз...» шешендік өнер байқауы бойынша, бас жүлде Темір ауданы, Шұбарқұдық мектеп-гимназиясының 8-сынып оқушысы Құралай Құлынтаева, I орын – Мағжан Датқа, II орын – Тәжіғали Ислам, III орын – Дана Изимова сынды мектеп оқушыларына бұйырды. Ал жыршылар байқауының «Қайратты туған ер еді…» бөлімі бойынша, Бас жүлде – Асылым Ерғалиқызы, I орын – Динара Абдрешева, II орын – Елдос Барсай, III орын – Рамазан Көлбаев сынды оқушыларға, «Алатаудай айбатың, Ер екенсің айтулы» бөлімі бойынша, Бас жүлде – Мейірман Ботайтегі, I орын – Нұралы Нұрлан, II орын – Сәнім Аманғазы, III орын – Ақмарал Берікбаева қатарлы жас өркендерге тиесілі болды. «Тәуелсіздік тартуы» атты бала ақындардың мүшәйрасынан I орын – Дәурен Тілеухан, II орын – Нұрсерік Тәуекелов, III орын – Әсем Шарипова сынды балдырған ақындарға бұйырды.
Облыстық деңгейде өткен өнер фестивалінің жеңімпаздарын облысқа белгілі қайраткер азаматтар мен кәсіби мамандардан жасақталған қазылар алқасы іріктеген. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар, арнайы дипломдар табысталды.