Еуразиялық банктің филиал басшысы 10 жылға сотталды

Еуразиялық банктің филиал басшысы 10 жылға сотталды

Еуразиялық банктің филиал басшысы 10 жылға сотталды
ашық дереккөзі
790
Еуразиялық банктің филиал басшысы 10 жылға сотталды.  Астананың Есіл аудандық №2 соты "Еуразиялық банк" АҚ-нің елордалық филиалының бұрынғы директоры Мұрат Мұқановқа және осы филиалдың бұрынғы касса жетекшісі Ақмарал Меңдалиеваға қатысты сот үкімін шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан. Мұрат Мұқанов 10 жылға сотталды. Мұның алдында соттағылар Мұқановтың ҚР Қылмыстық кодексінің 202-бабының 2-бөлігінің 2-пункті ("Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдiру"), 189-бабының 4-бөлігінің 4-пункті ("Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу") бойынша айыпталып отырғанын хабарлаған еді.  Ал Ақмарал Меңдалиеваға ҚР Қылмыстық кодексінің 28-бабының 5-бөлігі, 189-бабының 4-бөлігінің 2-пункті ("Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу") бойынша айып тағылған.  Еске сала кетейік, осыған дейін Еуразиялық банктің Астанадағы филиалында ақша өртенгені жайлы хабарланған болатын. Бұл оқиға көктемде болған.

Серіктес жаңалықтары