295
31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні
31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні
Бүгін қызылордалықтар саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алып, жазықсыз жапа шеккендердің аруағына құран бағыштады. Солақай саясаттың құрбандарын еске алуға жиналған жұрттың қатары қалың, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Нәубетті жылдары елімізде 103 мыңнан астам адам солақай саясаттың құрбанып болды. Алашорда көсемдері Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулат, Сәкен Сейфуллин, Мағажан Жұмабаев бастаған қазақтың марқасқа азаматтарынан 25 мыңдай адам ату жазасына кесіліп, жазықсыз оққа байлаған еді. Аталған қырғының зардапттары әлі күнге сейілген жоқ.
"Тәуелсіздік үшін Алаштың арда ұлдары солақай саясаттың құрбаны болды. Аяусыз зорлық-зомбылық көрді. Сол бір зұлмат уақытта біздің елімізге де мыңдаған өзге ұлт өкілдері жер аударылды. Қазақ жұртшылығы барлығына құшақ жайып, бір үзім нанын бөліп берді. Біз олардың есімін ұмытпай, әрдайым ұлықтауымыз қажет", - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.
Шараға қуғынға ұшыраған азаматтардың ұрпақтары, ардагерлер, еңбек ұжымдары мен қоғамдық және саяси бірлестіктердің өкілдері қатысып, қуғын-сүргін құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алды. Мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар, жоғарғы және арнаулы оқу орындарының басшылары да жазықсыз жапа шеккендердің рухына тағзым етті.
Қуғын-сүргін құрбандары (1)