АҚШ Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровты "Магнитск тізіміне" енгізді

АҚШ Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровты "Магнитск тізіміне" енгізді

АҚШ Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровты "Магнитск тізіміне" енгізді
ашық дереккөзі
294
АҚШ қаржы министрлігі Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровты "Магнитск тізіміне" енгізді. Бұл жөнінде мекеменің арнайы сайтында хабарланады. Қаржы министрлігінің мәліметі бойынша, Қадыров сотсыз адам өлімі үшін және басқа да адам құқықтарын бұзғаны үшін жауап береді. Мұнан бөлек, жаңартылған санкция тізіміне Шешенстанның Аргун қаласының полиция басшысы Аюб Катаевтың да аты-жөні енген. Ол еліндегі гейлерді азаптаған деген күдікке ілінген. Тізімге сонымен бірге Андрей Павлов, Алексей Шешен және Юлия Майорова да кірген. "Магнитск актісін" АҚШ конгресі 2012 жылы қабылдаған. Бұл заң Ұлыбританияда да бар. Дәл осындай құжатты биыл Канада мен Литва қабылдады. Құжат Hermitage Capital қорының басшысы Сергей Магнитскінің құрметіне арналған. Ол ресейлік бюджеттен ірі қаржының қалай ұрланатынын ашып, схемаға сызып көрсеткен. Кейін ресейлік заңгерді салық төлемеді деп айыптаған. 2009 жылы ол тергеу абақтысында белгісіз жағдайда қаза тапқан. "Магнитск тізіміне" коррупцияға қатысы бар және адам құқықтарын бұзғандардың аты-жөні енгізіледі.

Серіктес жаңалықтары