Бүгін елімізде ҰБТ сынағын тапсыру басталады

Бүгін елімізде ҰБТ сынағын тапсыру басталады

Бүгін елімізде ҰБТ сынағын тапсыру басталады
ашық дереккөзі
293

Ұлттық бірыңғай тестілеу 2-8 маусым аралығында өткізіледі. Биылғы сынаққа мектеп бітірушілердің 87 782 түлек қатысады.

Биыл 124 379 түлек мектепті  бітірді. Олардың 71% емтиханға қатысады. Ал қалғандары өз еріктерімен ұлттық сынққа қатысудан бас тартқан. Емтихан тапсырушылардың 62 384 қазақ тілінде, 25 398-і орыс тілінде білім алған мектеп бітірушілер. Сондай-ақ, 2015 жылы ҰБТ-ға алғаш рет 12 жылдық білім беру бағдарламасы бойынша білім алған түлектер қатысады.

ҰБТ қорытындысы Ұлттық тестілеу орталығының www.testcenter.kz сайтында жарияланбақ. Жаңа ережеге сай, емтихан тапсырған түлек жеке кәлігіндегі ЖСН нөмері мен емтихан басталар алдында берілетін жеке кодты енгізу арқылы өз бағасын біле алады.

Естеріңізге сала кетейік, 2004 жылдан бастау алған ҰБТ сынағына 1 миллион 422 мың мектеп бітіруші қатысқан. Бұл осы аралықта мектеп бітірген оқушылар санынынң 80 пайызын құрайды.

Серіктес жаңалықтары