214
ФББ: Трампқа қатысты іс құжаттарының негізгі тармақтары расталмады
ФББ: Трампқа қатысты іс құжаттарының негізгі тармақтары расталмады
ФББ: Трампқа қатысты іс құжаттарының негізгі тармақтары расталмады. АҚШ Федералдық барлау бюросы директорының орынбасары Эндрю Маккейбтің мәлімдеуінше, қазіргі таңда мекеме президент Дональд Трампқа қатысты іс құжаттарының негізгі ақпараттарын растай алмай отыр.
Іс құжаттары британиялық арнайы қызметтік бұрынғы қызметкері Кристофер Стил Мәскеудегі дереккөздер арқылы алған делінеді.
Бұл туралы The Washington Times газеті жазды. Маккейб мұндай мәлімдемесін Конгрестің Өкілдер палатасы тергеу жөніндегі комитетіндегі жабық тыңдауда айтқан. Жиналыс бірнеше сағатқа созылған.
Fox News телеарнасы мен The Washington Examiner газетінің хабарлауынша, тыңдауда Маккейбтен Стил алған мәліметтердің қайсысы расталды деп сұраған. Оған Маккейб 2016 жылы шілдеде Трамп көмекшісі Картер Пейдждің Мәскеуге дәріс оқуға барғаны ғана расталды деп жауап берген. Пейдж Ресейге бара жатқанын жасырмаған, оның сапары туралы көптеген адам білген.
Стилге ақпарат жинауды Демократиялық партияның Ұлттық комитеті тапсырған.
The Washington Post мәліметі бойынша, Маккейб қызметтен келесі жылдың басында кетуі мүмкін.