«Киелі Қазығұрт» атты анимациялық фильмнің премьерасы өтті  

«Киелі Қазығұрт» атты анимациялық фильмнің премьерасы өтті  

«Киелі Қазығұрт» атты анимациялық фильмнің премьерасы өтті   
ашық дереккөзі
1872

Оңтүстік Қазақстан облысында балаларға арналған тәрбиелік мағынасы мол анимациялық фильмнің тұсауы кесілді. Облыс әкімдігінің тапсырысы негізінде «САҚ» киностудиясы түсірген «Киелі Қазығұрт» атты тарихи-танымдық мульфильмнің премьерасы «Shymkent plaza» ойын-сауық сауда орталығында өтті.

Аталған туынды Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы негізінде түсірілген. Ондағы мақсат өңіріміздегі туризм саласын дамыта отырып, Киелі Қазығұрт тауының маңыздылығын жас өрендерге кеңінен түсіндіру және көнеден келе жатқан аңыз-әңгімелерді насихаттауға бағытталған.

Халық ауыз әдебиетіндегі жыр-дастандарымызды экранға шығарып, сол арқылы өскелең жас ұрпаққа өз елінің тарихын, салт-дәстүрін дәріптеу мақсатында түсірілген мультфильмнің тұсаукесер кешіне облыс әкімі арнайы қатысты.

 «Ұлтымыздың болашағы бүлдіршіндеріміздің тілінен басталады. Олар жастайынан ұлттық құндылықтарға бай, қазақ тілді мультфильмдерді көріп өсуі керек. Өйтпеген жағдайда шетелдік туындылармен сусындайтын болады. Бұл сөзсіз балаларымызды ұлттық құндылықтарымыздан алыстатады. Сондықтан да мен осындай анимациялық фильмдер жасауды тапсырдым», - деді идея авторы Жансейіт Түймебаев.

Аймақ басшысының идеясымен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында облыста «Қажымұқан», «Отырарды қорғау», «Киелі Қазығұрт» атты үш анимациялық фильм мен «Көне жетігеннің сыры» атты 10 сериялы телехикая түсірілді.

Бұл көп сериалды фильм Мемлекет басшысының бағдарламалық мақаласында айтылған киелі жерлер мен тарихы орындар жайында түсірілген еліміздегі алғашқы кино десек те болады. Өңірдің туризм саласын дамытуға,  әсем табиғаты мен киелі жерлерін және достық пен татулықты насихаттайтын кинокартинада ұлттық рухты көтеру көзделген.

«Париотизм өзіңнің кіндік қаның тамған жеріңе, өзіңнің туған ауылыңа сүйішпеншіліктен басталады» деген Елбасының сөзі бар. Өзінің туған ауылын сүйе алмаған азамат, ешқашан өзінің туған мемлекетін сүйе алмайды. Бұл аксиома. Сондықтан да біз оңтүстікқазақстандықтар болып, осындай фильмдерді түсіру арқылы тек қана оңтүстіктің мәрсебесін ғана емес, қазақ халқының рухани құндылығына әсер ететін бүкіл облыстағы қазақ балаларға, бауырларымызға қозғау салатын осындай фильмдерді түсіргенімізге қуаныштымыз», - деді облыс әкімі.

Шара барысында өңір басшысы «Сақ» студиясының директоры Нуриддин Паттеевті облысқа сіңірген еңбегі үшін медалімен, фильмнің сценариін жазған Батырхан Дәуренбеков пен Бақытжан Құлжабайды алғыс хатпен марапаттады.

Айта кетейік, Сақ киностудиясы бүгінге дейін 50-ден астам анимациялық 5 толықметражды фильм жасаған. Сондай-ақ, «Томпақ», «Қалқанқұлақ» атты сериалдар түсіріп үлгерген.

Серіктес жаңалықтары