19 жастағы бойжеткенді өрттен құтқарған жігіт оң көзінен айырылды

19 жастағы бойжеткенді өрттен құтқарған жігіт оң көзінен айырылды

19 жастағы бойжеткенді өрттен құтқарған жігіт оң көзінен айырылды
ашық дереккөзі
231
Ержүрек жігіттің көзіне әйнек сынығы кіріп зақымдаған. Павлодарлық 32 жастағы Кирилл Терешконың ерлігі ел-жұртты сүйіндірді. Бұл туралы Павлодар облысының ІІД-нің баспасөз өкілі Сәуле Мусиноваға сілтеме жасап ИА Новости-Казахстан хабарлады.
Кирилл Терешко жұбайымен саябақта қырдырып жүріп өрт шыққан үйді байқайған. «Ол қарма-қарсы тұрған үйдің терезесінен бойжеткенді байқап қалған. Абыржымаған Терешко терезені сындырып жалындап жатқан үйден 19 жастағы қызды алып шыққан. Сонымен қатар ер адам оқиға барысында өзі де жарақат алған. Оның көзіне әйнек сынықтары кіріп, көзінің алмасына зақым келген. Осыдан кейін ол оң көзінің көру мүмкіндігенен айырылған”, – деп хабарлайды Павлодар облысының ІІД-нің баспасөз өкілі Сәуле Мусинова.
Саябақта жұбайын қалдырып, өртенген үйден бойжеткенді құтқарған жігіт өз қауіпсіздігін ойламаған. Облыстық ІІД-нің басшылығы ержүрек тұрғынды адам өмірін құтқарғаны үшін мекеме атынан марапаттауды қарастырып жатқандықтарын жеткізді.

Серіктес жаңалықтары