211
Жаңа жылдан бастап тегін тіркеле аласыз
Жаңа жылдан бастап тегін тіркеле аласыз
1 қаңтардан бастап Қазақстанда жаңа Салық кодексі күшіне енеді. Тың өзгерістерге сәйкес тұрғылықты мекен-жай бойынша тіркеуге тұру үшін мемлекеттік баждан ұстап қалу қызметі тоқтатылмақ. Қазақстандықтар биылдан бастап тегін тіркеле алады.
Осы уақытқа дейін бұл қызметтің бағасы 227 теңге (0,1 АЕК) тұрған болатын. Десе де, шетелдік төлқұжат иелері үшін мемлекеттік баждың мөлшері екі есеге, нақтырақ айтқанда 4-тен 8 АЕК-ке артты. Бұдан былай оның бағасы 19 мың 240 теңге тұратын болады. Еске сала кетсек, ҚР Президенті 2017 жылдың 25 желтоқсаны күні «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодекске қол қойған болатын.