236
Иран парламенті еліндегі ереуілді жабық талқылады
Иран парламенті еліндегі ереуілді жабық талқылады
Иран парламенті 7 қаңтарда үкіметке қарсы наразылық акциясын жабық есік жағдайында талқылады. Онда жаппай тәртіпсіздіктің себебін қараған. ISNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, сессияға Иранның ішкі істер министрі мен Қауіпсіздік кеңесі қатысу керек болған.
Сонымен бірге күн тәртібінде реформашыл депутаттардың ереуіл кезінде қамауға алынған қатысушыларға құқықтық көмек көрсету жөніндегі өтініштері болған.
Билік үкіметті қолдайтын митингті бес күн бойында жалғастырды. Бұл Иранның барлық мемлекеттік арналарында толықтай көрсетілді.
Мемлекеттік БАҚ билікке қарсы наразылық шаралары толығымен аяқталды деп ақпарат беріп жатқанымен, Азаттық радиосының сенімді дереккөзіне қарағанда, 6 қаңтарда Иранның Тегеранды қосқанда кемінде он қаласында митинг жалғасқан. Әлеуметтік желілерде полицияның көптігіне қарамастан акциялар өтіп жатқаны кең таралды.
Азаттықтың парсы қызметіне ("Фарда" радиосы) Такестан, Эрак, Солейман, Мешхед, Казвин, Решт, Лахиджан және Хомейнде түнгі демонстрациялар өткені жөнінде ақпараттар келді. Хомейн Ислам республикасының негізін қалаған аятолла Рухолла Хомейнидің туған жері.
Жаппай ереуіл кезінде кемінде 22 адам қаза тауып, 1700-ден астамы қамауға алынған.