«Семей-Астана» пойызы жолаушыларына өтемақы төленеді

«Семей-Астана» пойызы жолаушыларына өтемақы төленеді

«Семей-Астана» пойызы жолаушыларына өтемақы төленеді
ашық дереккөзі
283
 «Жолаушылар тасымалы» АҚ басқа пойыздың жолаушылары үшін вагондары ағытылып алынған «Семей-Астана» пойызының жолаушыларынан кешірім сұрайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Стандарттан тыс жай орын алып, жолаушылар тасымалын қамтамасыз ету үшін шұғыл шараларды жедел қабылдау қажеттігі туындады. Бұл сапардың клиенттеріміз үшін қаншалықты қиын болғанын әрі оларда сапар шаршатқандығын түсінеміз және шыдамдылық пен түсіністік танытқандары үшін шынайы ризашылығымызды білдіреміз. «Жолаушылар тасымалы» АҚ келтірілген қолайсыздықтар үшін жолаушылардан кешірім сұрайды және оларға сәйкесінше өтемақы төленетіндігін хабарлайды», – деп атап өтеді компания ҚазАқпараттың ресми сауалына орай. Бұған дейін хабарлағанымыздай, 2018 жылдың 4 қаңтарында «Астана-Лениногорск» бағытында қатынайтын №375 «Тұлпар-Тальго» пойызының техникалық вагонынан шыққан ақау салдарынан жолаушылар вагондарының температура режімінің төмендеуі орын алды. Компания мәліметінше, осыдан кейін тасымал қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында аталған пойыз Семей стансасында тоқтатылды. Ал 228 жолаушыны діттеген жеріне жеткізу және кері 274 жолаушыны алып қайту үшін жеке пойыз ұйымдастырылып, оған №153 «Семей-Астана» пойызының 7 стандартты купе вагонын тіркеу туралы шешім қабылданған. «№153 «Семей-Астана»  пойызының 601 жолаушысын дер уақытында тасымалдау және сыйымдылығы небары 150 адамды құрайтын Семей вокзалына қолайсыздықтар тудырмау мақсатында (Павлодар стансасынан жіберілген вагондарды күткен жағдайда пойыз 7 сағатқа кешігетін еді) барлық жолаушыларды 7 плацкарт вагонмен Дегелең стансасына дейін жөнелтуге шешім қабылданды. Семейден Дегелең стансасына дейінгі жолға кететін уақыт 2 сағат 40 минутты құрады», –  деп атап өтеді компания. Таратылған мәліметке сәйкес Павлодардан жіберілген 6 вагон Дегелең стансасында «Семей-Астана» пойызына тіркеліп, оған жолаушылар отырғызылған. «Форс-мажорлық жағдайды, минус 34 градусты құраған ауа райын ескере отырып, жолаушылардың ешқайсысының зардап шекпеуі және діттеген жерлеріне жоспарланған уақытта жетулері үшін барлық мүмкіндікті шараларды қабылдадық», –  деп сендірді компания мамандары.

Серіктес жаңалықтары