248
Human Rights Watch: адам құқығы жағдайы нашарлап кетті
Human Rights Watch: адам құқығы жағдайы нашарлап кетті
Human Rights Watch: адам құқығы жағдайы нашарлап кетті. Өткен жылы көптеген популист саясаткердің сәтсіздікке ұшырауына қарамастан, көптеген мемлекет басшысы "халықтың атынан сөйлеп", адам құқығы мен теңдікті жақтаушыларды қудалау саясатын жүргізіп отыр. Human Rights Watch халықаралық адам құқықтарын қорғау ұйымының жаңа баяндамасында осылай делінген.
Ұйым адам құқықтары саласындағы жағдай күннен күнге нашарлап бара жатқанын ескертті. Өйткені көптеген демократялық елдер 2017 жылы ішкі мәселелерін ғана шешумен болған. Мұндай үнсіздікті авторитарлық жүйелер пайдаланып қалуға тырысқан.
Адам құқығын қорғаушылар Донбастағы қарулы жанжалға қатысушы тараптар бітім шарттарын бұзып, бейбіт тұрғындарды қырғанын атап өтті.
HRW Ресейде ЛГБТ өкілдерін, оппозиция жақтастарын қудалау күшейгенін ерекше атап өтті.
Беларусь Шешенстан және Ресейден сұранған босқындарға баспана бермей қойған. Бұған қоса Минск қудалаудан қашқан адамдарды екі мәрте Ресейге экстрадициялаған.
Баяндама авторлары Тәжікстан түрмелерінде 150 саяси белсенді, тәуелсіз журналист және адам құқығын қорғаушы отырғанын айтты. Тәжікстанда азаптауға қарсы коалиция өткен жылы 90-нан астам азаптау жағдайын тіркеген.
Бұған қоса қудалауға ұшыраған 20 журналист елден кетуге мәжбүр болған. HRW Тәжікстан билігінің ақпаратты әдейі шектеп отырғанын атап өтті.
2017 жылы Әзірбайжан билігі сыншыларға қарсы қысымды күшейткен. Баку өткен жылы кем дегенде 25 журналист пен белсендіні саяси мотивтермен қамауға алды. Кейбір ақпараттарға қарағанда, шетелден баспана алғандарды да қорқытып қойған.