612
Аязға байланысты еліміздің 7 өңірінде жолдар жабылды
Аязға байланысты еліміздің 7 өңірінде жолдар жабылды
Аязға байланысты еліміздің 7 өңірінде жолдар жабылды. Осы уақытта еліміздің 7 өңіріндегі автожолдарда қозғалысқа шектеу қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазавтожол» РМК-ға сілтеме жасап.
Астана 21 қаңтар сағат 21.00-ден бастап ауа райы жағдайының нашарлауына байланысты (қатты аяз) дизельдік және қоғамдық көліктерге барлық бағыттар бойынша қозғалысқа тыйым салынды.
Ақмола облысы 21 қаңтар сағат 21.00-ден бастап ауа райы жағдайының нашарлауына байланысты (қатты аяз) облыс аумағында дизельдік және қоғамдық көліктер үшін қозғалысқа тыйым салынды.
Шығыс Қазақстан облысы 21 қаңтар сағат 21.00-ден бастап ауа райы жағдайының нашарлауына байланысты (қатты аяз) «Семей-Павлодар облысының шекарасы» автожолының 577-733 шақырым аралығында дизельдік және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылды.
Қарағанды облысы 21 қаңтар сағат 21.00-ден бастап ауа райы жағдайының нашарлауына байланысты (қатты аяз) «Теміртау-Ақмола облысының шекарасы» автожолының 1353-1424 шақырым аралығында дизельдік және қоғамдық көліктердің қозғалысына тыйым салынды.
Қостанай облысы 21 қаңтар сағат 21.00-ден бастап ауа райы жағдайының нашарлауына байланысты (қатты аяз) «Қостанай-Әулиекөл-Челгаши-Ақмола облысының шекарасы» күре жолының 3-232 шақырым аралығы, «Қостанай - Сарыкөл - СҚО шекарасы» тасжолының 555-729 шақырым аралығы, «Қостанай-Ұзынкөл-СҚО шекарасы» автожолының 180-404 шақырым аралығы дизельдік және қоғамдық көліктер үшін жабық.
Павлодар облысы 21 қаңтар сағат 21.00-ден бастап ауа райы жағдайының нашарлауына байланысты (қатты аяз) облыс аумағында дизельдік және қоғамдық көліктер үшін қозғалыс шектелді. Солтүстік Қазақстан облысы 21 қаңтар сағат 21.00-ден бастап ауа райы жағдайының нашарлауына байланысты (қатты аяз) облыс аумағында дизельдік және қоғамдық көліктер үшін қозғалыс тоқтатылды.