Қайырбек Өскенбаев – ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі

Қайырбек Өскенбаев – ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі

Қайырбек Өскенбаев –  ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі
ашық дереккөзі
838
 ҚР Үкіметінің қаулысымен Қайырбек Айтбайұлы Өскенбаев ҚР инвестициялар және даму вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды  primeminister.kz. Қайырбек Өскенбаев 1964 жылы Астана қаласында дүниеге келген. 1986 жылы КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебін, 1996 жылы - Ақмола аграрлық университетін және 2004 жылы Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Дипломатиялық академиясын тәмамдаған. Заңгер, ұйымдастырушы-экономист және халықаралық қатынастар саласындағы маман ретінде білікті. Еңбек жолын 1982 жылы бастаған. 1982-1993 жылдары ішкі істер органдарында қызмет еткен, Ақмола қалалық әкімшілігінің коммуналдық меншік бөлімінің меңгерушісі лауазымын атқарған. 1993-1996 жылдары бас кеңесші заңгер, заңды қамсыздандыру және бақылау бөлімінің басшысы, ҚР мемлекеттік мүлік бойынша Ақмола аумақтық комитетінің жекешелендіру жөніндегі бюро директоры болған. 2011 - 2016 жылдары «20015 әскери бөлімшесі» РММ материалдық-техникалық қамсыздандырудың басты басқармасының басшысы, «ҚазМұнайГаз - Сервис» ЖШС бас директорының орынбасары, ҚР аймақтық даму бірінші вице-министрі және ҚР Ұлттық экономика вице-министрі қызметтерін атқарған. 2016 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарушы директоры лауазымында болды.  

Серіктес жаңалықтары