Жоғарғы соттың төрт судьясы қызметтен босады

Жоғарғы соттың төрт судьясы қызметтен босады

Жоғарғы соттың төрт судьясы қызметтен босады
ашық дереккөзі
400
 Сенат Жоғарғы соттың төрт судьясын қызметінен босатты. Парламент Сенатының жалпы отырысында ҚР Жоғарғы Сотының төрт судьясы қызметінен босатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. ҚР Жоғарғы сот Кеңесінің төрағасы Анатолий Смолиннің атап өтуінше, үш судья, яғни Өмірсерік Қожабаев, Рахымбек Мамырбаев, Дүйсен Тұмабеков зейнеткерлік жасына жеткен, осыған байланысты отставкаға кетуге ниет танытқан. «Сот жүйесіндегі қызметінде олар өздерін беделді, тәжірибелі әрі сауатты судьялар ретінде көрсете білді», - деді А. Смолин. Бұдан бөлек ол 2017 жылдың 13 желтоқсанында ҚР Жоғарғы Сотының судьясы Қалидола Шаухаров өмірден озғанын еске салып өтті. Бұл ретте Сенат аталған судьяларды қызметінен босатуға дауыс берді.

Серіктес жаңалықтары