Бішкекте аяз салдарынан 15 адам үсіп өлді

Бішкекте аяз салдарынан 15 адам үсіп өлді

Бішкекте аяз салдарынан 15 адам үсіп өлді
ашық дереккөзі
140
Бішкекке жеткен аяз салдарынан 15 адам үсіп өлді. Қатты аяз тек қазақстандықтарды ғана емес, Қырғызстан тұрғындарын да әбден әбігерге салып қойды. Осы қаңтар айының өзінде суықтан ел астанасында 15 адам үсіп өлген деп жазады жергілікті БАҚ өкілдері. Қырғызстан құқық қорғаушыларының мәліметінше, қайтыс болғандардың барлығы тұрғылықты мекен-жайы жоқ азаматтар. «Ішкі істер органдарының мамандары қаладағы тастанды ғимараттарды, жылу құбырларының маңайларын тексеріп тұрады. Ал, адамдар жаурап жатқан бомждарды көріп қалған жағдайда суреттерін әлеуметтік желілерге салып жатады. Бүгінге дейін арнайы орындарға жаурап қалған 239 адам жеткізілген», — деп жазады Sputnik Кыргызстан. Синоптиктердің айтуынша, Шу облысының солтүстігі мен Бішкекте ауа температурасы түнде -30 градус, күндіз -19 градусқа дейін төмендеген. Бүгін аталған аймақтарда мектептер жабылып, балаларға 30 қаңтарға дейін демалыс берілді. Қатты аяз тек қазақстандықтарды ғана емес, Қырғызстан тұрғындарын да әбден әбігерге салып қойды. Осы қаңтар айының өзінде суықтан ел астанасында 15 адам үсіп өлген деп жазады жергілікті БАҚ өкілдері. Қырғызстан құқық қорғаушыларының мәліметінше, қайтыс болғандардың барлығы тұрғылықты мекен-жайы жоқ азаматтар. «Ішкі істер органдарының мамандары қаладағы тастанды ғимараттарды, жылу құбырларының маңайларын тексеріп тұрады. Ал, адамдар жаурап жатқан бомждарды көріп қалған жағдайда суреттерін әлеуметтік желілерге салып жатады. Бүгінге дейін арнайы орындарға жаурап қалған 239 адам жеткізілген», — деп жазады Sputnik Кыргызстан. Синоптиктердің айтуынша, Шу облысының солтүстігі мен Бішкекте ауа температурасы түнде -30 градус, күндіз -19 градусқа дейін төмендеген. Бүгін аталған аймақтарда мектептер жабылып, балаларға 30 қаңтарға дейін демалыс берілді.

Серіктес жаңалықтары