Адамзат тарихындағы Қазақстан қолтаңбасы

Адамзат тарихындағы Қазақстан қолтаңбасы

Адамзат тарихындағы Қазақстан қолтаңбасы
ашық дереккөзі
330
Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымымен өзара қарым-қатынасы тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен басталды. Әлемге беделді ұйыммен байланыс орнату еліміздің сыртқы саясатының басым бағыты болып табылады. Бұл туралы Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Алматыда өткен БҰҰ-ның Қазақстандағы алғашқы кеңсесі ашылуының 25 жылдығына арналған «Қазақстан-БҰҰ: тәжірибе, жетістіктер мен ынтымақтастықтың келешегі» атты жиналыс барысында айтты. Қайрат Әбдірахманов өз сөзінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың негізгі халықаралық бастамалары дәл осы БҰҰ-ның трибунасынан ұсынылғанын атап өтті. – БҰҰ ұйымдары мен бағдарламалары Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосып, бұл дәстүрді жалғастыруда. Сонымен бірге, БҰҰ біздің елімізге бұрынғы Семей ядролық полигонын сауықтыру, Арал теңізін қалпына келтіру секілді маңызды жобалар аясында техникалық және қаржылық көмек көрсетті, – деді өз сөзінде Қайрат  Әбдірахманов. Сыртқы істер министрі Қазақстан мен БҰҰ гендерлік теңдікті ілгерілету, балалардың құқықтарын қорғау, денсаулық сақтау, экология, көші-қон, есірткі тасымалына қарсы күрес және басқа да салаларда бірлесіп, белсенді жұмыс атқарып жатқандығын атап өтті. Қайрат  Әбдірахманов ең беделді орган – БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі Қазақстанның жуырдағы төрағалығына ерекше назар аударды. Төрағалық аясында Президент Н.Назарбаевтың бітімгерлік бастамаларына және Орталық Азияда бейбітшілік, қауіпсіздік пен даму аймағын құру бойынша шараларына екпін қойылды. Сонымен қатар, кездесу барысында Алматы қаласында 2030 жылға дейін Орталық Азияда Тұрақты дамудың мақсаттарын жүзеге асыруға жәрдемдесуге бағытталған БҰҰ хабын құру жөніндегі Қазақстанның идеясына БҰҰ тарапынан қолдау білдірілетіні атап өтілді. Сондай-ақ, Қазақстан Сыртқы істер министрі Алматыдағы ғылыми-зерттеу орталықтарының жетекшілері және сарапшыларымен кездесіп, Еуропалық Одақ елшілерімен ынтымақтастық жоспарларын талқылады. «Еліміз Президент Нұрсұлтан Назарбаев айқындайтын көпвекторлы, теңдестірілген, прагматикалық және белсенді сыртқы саясатты іске асыруды жалғастырып отыр. Мемлекет басшысының халықаралық қызметін және бастамаларын түсіндіруде СІМ бұқаралық ақпарат құралдары мен кең қауымдастық үшін ашық болуын жалғастырады», – деді Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов. Министр атап өткендей, бұл салада СІМ отандық сарапшы қоғамдастықтың белсенді қатысуына үміт артады. Министр әлемдегі қазіргі ахуал бойынша өз көзқарасымен бөлісіп, Қазақстанның негізгі сыртқы саяси міндеттеріне тоқталды. Ол негізгі басымдықтар 2014-2019 жылдарға арналған Сыртқы саясат тұжырымдамасында баяндалғанын еске салды. Қазақстан Ресей, Қытай, АҚШ, Орталық Азия, Еуропа, Азия, Таяу және Орта Шығыс, Латын Америкасы мен Африка мемлекеттерімен, негізгі халықаралық және өңірлік ұйымдар аясында өзара тиімді және тең құқылы қарым-қатынастарды белсенді дамытуда. «Бұл ретте жұмысымыздың басымдығы әдеттегідей Қазақстан азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау болып қала беріп, оның тиімділігінің басты өлшеуіші Президент Н. Назарбаевтың ауқымды жаңғырту бастамаларын іске асыру үшін қолайлы сыртқы жағдайларды сақтау және нығайту болмақ», – деді СІМ басшысы.

Төрағалық қызмет  жоғары бағаланды

Кездесу қатысушылары Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі төрағалығының қорытындыларын талқылап, оның басты іс-шаралары ретінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен жаппай қырып-жою қаруын таратпау саласындағы сенім шараларын нығайту бойынша жоғары деңгейдегі тақырыптық брифингті, сондай-ақ, Ауғанстан мен Орталық Азия тақырыбы бойынша министрлік пікірталасты атап өтті. Дипломаттар аталған іс-шаралардың қорытындылары бойынша қабылданған БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі төрағалығының мәлімдемелері осы беделді құрылымдарға Қазақстан төрағалығының табысты өтуіне зор ықпал жасағанын атап айтты. Еліміздің өткен жылдағы сыртқы саясатының басқа да жетістіктері қатарында «Астана үдерісі» аясында Сирия дағдарысын реттеуге бағытталған келіссөздердің жалғасуы және 2017 жылғы тамызда өткен Атом Энергетикасы жөніндегі Халықаралық агенттігінің төмен байытылған уран Банкінің ашылуы туралы сөз қозғалды. Жалпы, еуропалық дипломаттар Қазақстанда және шетелде өткізілген іс-шаралар жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын айта келе, олардың нәтижелері ел алдында одан да биік мақсаттар қоятынына назар аударды. Министр 2018 жылы сыртқы саясаттың басымдықтары ретінде еліміздің БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне мүшелігін лайықты түрде аяқтауды, Қазақстанның әртүрлі көпжақты форматтағы жоғары деңгейдегі кездесулерін, соның ішінде Каспий жағалауы мемлекеттерінің саммитін ұйымдастыру, Астананың 20-жылдығын мерекелеуге шетелдік әріптестердің қатысуын қамтамасыз ету, сондай-ақ, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VI съезін өткізуді атап өтті. Кездесудің маңызды бөлігі Еуропалық Одақпен ықпалдастықтың серпінді дамуына арналды. Еуропалық Одақ Қазақстанның ірі сауда-экономикалық және инвестициялық әріптесі болып қала беретіндігі аталып өтті. Еуропалық Одақ Қазақстанның сауда серіктестері арасында жалпы 49,8 пайыз үлеске ие. 2017 жылы Қазақстан мен ЕО арасындағы тауар айналымы 6 млрд долларға артып, жалпы 30 млрд доллардан асты. Қазақстанның ЕО-мен сауда-саттықты әртараптандыруға мүдделілігі және Қазақстаннан Еуропа елдеріне шикізаттық емес экспортты кеңейтудің ықтимал жолдарын іздестіру қажеттілігі айтылды. Ынтымақтастықтың маңызды нәтижелерінің бірі 2015 жылы Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы Кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылуы, оны 2016 жылдың мамыр айынан бастап жартылай қолданылуының басталуы, сондай-ақ, ЕО-ға мүше мемлекеттерімен ратификациялауының оң қарқыны (ЕО-ның 28 мүше-мемлекеттерінің 21-і ратификациялады) және оның Еуропа Парламентінде мақұлдануы. Келісімнің толық күшіне енуі үшін құжатты ЕО-ның барлық елдерінің ратификациялауы қажет. Сол сияқты министр Еуропа елдерінің өкілдерін Мемлекет басшысының «Төртінші индустриалды революция жағдайында дамудың жаңа мүмкіндіктері» тақырыбындағы Қазақстан халқына Жолдауына енген модернизациялау, цифрландыру, инновациялық технологияларды енгізу және іскерлік ахуалды жақсарту сияқты перспективалы салаларда қолжетімді мүмкіндіктерді белсенді пайдалануға және ЕО-ның мүдделі компанияларын Қазақстанға тарту бойынша жұмыс жүргізуге шақырды. Еуропалық Одақпен ынтымақтастықты дамытудың тағы бір маңызды міндеті визалық режимді жеңілдету болып табылады, ол үшін Қазақстан мен Еуропалық Одақ осы мәселені шешуде елеулі қадам жасауға ықпал ететін белсенді консультациялар жүргізеді. Талқылау барысында еуропалық дипломаттар Қазақстанда заңның үстемдігін қамтамасыз ету және қоғамдық өмірдің түрлі салаларында заңнаманы жетілдіру үшін институционалдық реформа жүргізу бойынша сұрақтарына жауап алды. Сыртқы істер министрі елшілердің қазақстандық биліктің халықаралық мәселелер бойынша сарапшылармен және құқықтық мәселелер бойынша мамандандырылған үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастықта ашық екенін көрсететіндігіне назарын аударды. Кез келген қызығушылық тудыратын жағдайда, сындарлы өзара әрекеттесуге және түсіндіру жұмыстарына ерекше мән беріледі. Қазақстанның бұл ұстанымы көптеген шетелдік серіктестер арасында түсіністік пен қолдау табады. Кездесу қатысушылары 2019 жылы аяқталуы жоспарланған ЕО-ның Орталық Азия үшін стратегиясының жаңарту процесін құптады. Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Қазақстанның өңірдегі барлық елдердің мүдделерін ескере отырып, Стратегияның тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында оны жетілдіру жөніндегі жұмысты белсенді түрде жалғастыруға дайын екендігін атап өтті.  Айта кету керек, биыл 2 ақпанда Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастарының орнағанына 25 жыл толды. Елдегі және аймақтағы БҰҰ қызметі туралы пікір алмасу қатысушыларға Ұйымның көп қырлы жұмысын жүйелеуге және отырыста мақұлданған 2018-2020 жылдарға арналған Қазақстан-БҰҰ бірлескен іс-қимылдар жоспары аясында өзара әрекеттесудің келешегін айқындауға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, мерейтойлық іс-шараға Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек, Қазақстандағы БҰҰ агенттіктерінің басшылары, дипкорпустың өкілдері, дипломатиялық қызмет ардагерлері, академиялық және сарапшылық қауымдастықтардың өкілдері қатысты. СІМ басшысы мен Алматы Әкімі БҰҰ Кеңсесі осыдан 25 жыл бұрын елімізде өз жұмысын бастаған «Қазақ­стан» қон­ақүйінде естелік тақтайды ашты.  

Серіктес жаңалықтары