Ауыз сумен қамтуға жыл сайын 100 млрд теңге бөлінеді

Ауыз сумен қамтуға жыл сайын 100 млрд теңге бөлінеді

Ауыз сумен қамтуға жыл сайын 100 млрд теңге бөлінеді
ашық дереккөзі
329
Ауылдық елді мекендерді ауыз сумен қамтуға жыл сайын 100 млрд теңгеден бөлінеді. Бұл туралы бүгін Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР ИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы істері комитеті төрағасының орынбасары Бейбіт Шаханов айтты. «Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында ауылдық елді мекендерді сумен жабдықтау жүйесін қаржыландыруды барлық қаржы көздері арқылы жылына 100 млрд теңгеге дейін арттыру жоспарланып отыр. Бұл сектордың дамуы қарқынын арттыруға және елді мекендердің басым бөлігін сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деді ол. Жалпы төраға орынбасарының сөзіне қарағанда, 2018 жылы елді мекендерді  ауыз сумен қамтамасыз ету бағытында 193 жобаны жүзеге асыруға 67,9 млрд теңге көзделген. Бұл 2017 жылғы қаржы көлемінен 17,6 пайызға артық. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде ауылдық елді мекендердің 59, ал қалалардың 94 пайызының тұрғындары орталықтандырылған ауыз сумен жабдықтау жүйесіне қол жеткізетін болады. Айта кетерлігі, 2017 жылы сумен жабдықтау жүйесін дамытуға республикалық бюджеттен 55,8 млрд теңге бөлініп, 164 жоба қолға алынды. «Соның арқасында 2700 шақырым желі салынып, қайта жөнделді. Нәтижесінде  184 мың адам орталықтандырылған сумен жабдықтау желісімен қамтылды. Бұл ретте қалалардың 93,8, ал ауылдардың 57,4 пайызы орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесіне қол жеткізді», - деді Бейбіт Шаханов.

Серіктес жаңалықтары