Астана-Лондон күн сайынғы әуе рейсі ашылады

Астана-Лондон күн сайынғы әуе рейсі ашылады

Астана-Лондон күн сайынғы әуе рейсі ашылады
ашық дереккөзі
219
Жаздан бастап Астана-Лондон күн сайынғы әуе рейсі ашылады. 1 маусымнан бастап күн сайынғы Астана-Лондон әуе райсі ашылады, деп хабарлады «Эйр-Астана» АҚ корпоративтік коммуникация жөніндегі департаментінен.  «Эйр Астана» әуекомпаниясы 1  маусымнан бастап сәрсенбі және жұма күндердегі жаңа жиіліктердің арқасында рейстерін жүзеге асыра алады», - делінген дүйсенбіде таратылған хабарда. Сонымен,   КС 941 рейсі Астанадан сәрсенбі күні 14.35 шығып,   Лондонға  16.40-та жетеді  КС 942 рейсі  сәрсенбі күні   Лондоннан  17.55-те шығып,   Астанаға  05.20-да келеді.   КС 941 рейсі жұма күні Астанадан  12.35-те шығып,   Лондонға   14.45-те келеді. КС 942 рейсі жұма күні Лондоннан   18.05-те шығып,   Астанаға келесі күні  05.30-  (барлығында жергілікті уақыт көрсетілген) келеді. «Лондон іскери адамдарға секілді, туристер үшін де барынша үлкен мәнге ие болуда. Және бұл стратегиялық көзқарас тұрғысынан әуекомпаниясы үшін қолайлы кезде жүзеге асып отыр, себебі біз  IPO-ға шығуды жоспарлап отырмыз», - деді «Эйр Астана» президенті Питер Фостер. Лондоннан «Эйр Астанамен» ұшатын жолаушылар  Алматы, Үрімші, Дели, Новосібір, Омск, Тюмень және Екатеринбург қалаларындағы және ары қарай барлық маршруттық желідегі қолайлы түйісулерді де  пайдалана алады. Астана-Лондон әуебилетінің бағасы сервистіктен басқа барлық жинақты қосқанда эконом-класта  Т211 682  құрайды.

Серіктес жаңалықтары