Украина мектептердегі құрал-жабдыққа 1 млрд гривен бөледі

Украина мектептердегі құрал-жабдыққа 1 млрд гривен бөледі

Украина мектептердегі құрал-жабдыққа 1 млрд гривен бөледі
ашық дереккөзі
182
Украина премьер-министрі Владимир Гройсман биыл мектептерді жаңа құрал-жабдықпен және жиһазбен жабдықтауға шамамен 1 млрд гривен бөлінетінін жеткізді. «Бүгінде біз мұғалімдерге деген құрметті қалпына келтіріп жатырмыз және білім беру жүйесіне мүлдем жаңа стандарттарды енгізудеміз. Бастауыш мектепті өзгертуді бастадық: бүгіннің өзінде оқытудың прогрессивті әдістері енгізілуде, мектептер жаңа құрал-жабдықпен, жиһазбен жабдықталады. Осы мақсаттарға 2018 жылы шамамен 1 млрд гривен бөлінді», – деп жазған премьер өзінің Facebook парақшасында. Көрсетілген 386 млн гривеннен басқа сома мұғалімдердің біліктілігін жаппай көтеруге бағытталған, ал 163 млн гривен – бастауыш мектеп үшін техника сатып алуға кетеді. 1 гривен = 11,84.

Серіктес жаңалықтары