Хиджабқа қарсы акциядан кейін ондаған әйел сотталуы мүмкін

Хиджабқа қарсы акциядан кейін ондаған әйел сотталуы мүмкін

Хиджабқа қарсы акциядан кейін ондаған әйел сотталуы мүмкін
ашық дереккөзі
586
Amnesty International (AI) халықаралық құқық қорғау ұйымы Иранда басын міндетті түрде орамалмен жабу тәртібіне қарсылық танытқан ондаған әйел сотталуы мүмкін деп мәлімдеді. Осының алдында Иран билігі жария түрде орамалдарын шешіп, қарсылық танытқан әйелдерді ұстаған болатын. Иран полициясы 23 ақпанда заңға қарсы келген әйелдерге "коррупцияға және жезөкшелікке азғырды" деген айыппен кемінде он жылға түрме жазасы қаралады деп ресми мәлімдеген. Amnesty International ұйымының мәлімдеуінше, желтоқсан айынан бері 35 әйел ұсталған. «Иран билігінің бұл қадамы керу кету және әйелдерді қудалау ретінде қабылданады. Бұл өзге әйелдерге "ауыздарыңды жабу керексіңдер" деген белгі»,- деп мәлімдеді Amnesty International ұйымының Таяу Шығыс және Солтүстік Африка жөніндегі департамент директорының орынбасары Магдалена Муграби. Өткен аптада Тегеранда хиджаб киюге қарсылық танытқан тағы екі әйел ұсталды. Иранда 1979 жылғы революциядан кейін елде әйелдерге ислам дресс-кодын кию міндеттелген.

Серіктес жаңалықтары