Белгілі журналист Ержұман Смайыл өмірден озды

Белгілі журналист Ержұман Смайыл өмірден озды

Белгілі журналист Ержұман Смайыл өмірден озды
ашық дереккөзі
739
 Президент сыйлығының тұңғыш лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Егемен Қазақстан» газетінде бас редактор, вице-президент болып қызмет атқарған белгілі журналист Ержұман Смайыл 70 жасында қайтыс болды. Ержұман Өтешұлы Смайыл 1948 жылы 5 қаңтарда Алматы облысында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдаған. Қазақстан Республикасы Журналистика академиясының академигі, БАҚ саласындағы Президент сыйлығының тұңғыш лауреаты. Сондай-ақ Баубек Бұлқышев атындағы сыйлықтың лауреаты. Еңбек жолын «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің тілшісі болып бастаған. 1979-1987 жылдары - «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінде редактордың орынбасары; 1987-2003 жылдары - «Егемен Қазақстан» газетінің бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары; бас редакторының бірінші орынбасары, бас редакторы. 2003-2010 жылдары «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» ашық акционерлік қоғамының президенті, вице-президенті қызметін атқарған. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған. Қазақ журналистикасының ақтаңгері, бақұл болыңыз!

Серіктес жаңалықтары