Олимпиада чемпионына 25 миллион теңгенің үйі сыйға берілді

Олимпиада чемпионына 25 миллион теңгенің үйі сыйға берілді

Олимпиада чемпионына 25 миллион теңгенің үйі сыйға берілді
ашық дереккөзі
192
Олимпиада чемпионы Баландинге 25 миллион теңгенің үйі сыйға берілді. Үкімет 2016 жылғы жазғы олимпиада ойындарының жүлдегерлеріне пәтер алуға 38 миллион теңге қаражат бөлді. “Қазақстан Республикасы үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы” тиісті қаулы электронды үкімет порталында жарияланған, деп хабарлады Sputnik Қазақстан хабарлады. “Рио-де-Жанейро қаласында өткен XXXI жазғы Олимпиада ойындары чемпиондары мен жүлдегерлеріне баспана алу үшін 2018 жылғы республикалық бюджетте қарастырылған үкімет резервінен Мәдениет және спорт министрлігіне 37 миллион 920 мың теңге қаражат бөлінсін”, — делінген құжатта. Жүзуден олимпиада чемпионы Дмитрий Баландинге Алматыдан құны 24 миллион 990 мың теңге тұратын үш бөлмелі пәтер әпермек. Бокстан қола жүлдегер Дариға Шәкімоваға 12 миллион 930 мың теңге тұратын бір бөлмелі пәтер сыйға тартылады. Құжаттың қоғамдық талқылауы 13 наурызға дейін созылады.

Серіктес жаңалықтары