Бишімбаев соты: Әйтімбаев кінәсін мойындады

  Бишімбаев соты: Әйтімбаев кінәсін мойындады

   Бишімбаев соты: Әйтімбаев кінәсін мойындады
ашық дереккөзі
356
Астанада өтіп жатқан экс-министр Қуандық Бишімбаевтың сотында "Бәйтерек DEVELOPMENT" АҚ-да департамент директоры болған Бауыржан Әйтімбетов мәлімдеме жасады деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бүгінде Бишімбаев ісі бойынша жүріп жатқан сот процесі аяқталуға жақын. Экс-министрден бөлек тағы 22 лауазымды тұлғаның осынау іске қатысы бар. Әйтімбетов солардың бірі. Бүгінгі отырыста ол өз шындығын жайып салды. "Әркім өзіне қатысты шындықты айтуы керек, сонда ғана осы істің барлық мән-жайы анықталады. Мені пара беруге мәжбүр болыпты, біреулер мәжбүрлепті деп айтып жатыр, мұның бәрі жалған", - деді экс-директор. Еске салайық, бұған дейін мемлекеттік айыптаушы судьядан Әйтімбетовті пара алғаны үшін 2 жыл 3 айға қамауын сұраған болатын. Әйтімбетовтің өзі де кінәсін жасырмайды. "Адам соңына дейін шындықты айтуы керек, мені мәжбүрледі демей. Бұл барлық жауап берушіге қатысты. Айтқым келгені, Смағұловқа (айыпталушы Қанат Смағұлов) мен шыққан жоқпын, Анарбай (айыпталушы Дильрух Анарбай) кеткеннен кейін ол маған шықты. Алған параның барлығы қайтарылды. Мен алған параның бәрі тінту кезінде тәркіленіп алынды. Иә, мен пара алдым, мен параны тасыдым, мен пара бердім, мен - жемқормын. Шындық осы", - деді Бауыржан Әйтімбаев.

Серіктес жаңалықтары