228
Сұлтанбеков 2 миллиард теңге айыппұл төледі
Сұлтанбеков 2 миллиард теңге айыппұл төледі
Сотталушы Қанат Сұлтанбеков 2 миллиард теңге айыппұл төледі. "Қазақстан инжиринг" басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбеков сот белгілеген екі миллиард теңге айыппұлды толықтай төледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қанат Сұлтанбековтан 2 миллиард 139 миллион 500 мың теңгені өндіріп алу жайлы орындау құжаты осы күнге дейін Астананың Әділет департаментінде болған. "Сот орындаушысы атқару өндірісін 2018 жылдың 2 ақпанында қозғады. Құжаттарға сәйкес, қарызгер 2 139 500 000 теңге төлеуі тиіс болды. Айыппұл толық көлемде төленді", - деп хабарлады Астана қалалық Әділет департаментінің өкілдері. Еске сала кетейік, былтыр 23 ақпанда Қанат Сұлтанбеков тұтқындалған болатын. Кейінірек оның қандай бап бойынша күдікке ілінгені белгілі болды. "ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті "Қазақстан инжиринг" Ұлттық компаниясы" АҚ басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Сұлтанбеков Қанат Таңатаровқа қатысты ҚР ҚК-нің 366-бабының 4-тарауы - "Аса ірі көлемде пара алу" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Сот шешімі бойынша ол тұтқындалды. Істің өзге мән-жайы тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды", - деп жауап берген еді ҚР ҰҚК өкілдері Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына.