Туу туралы куәлікте туған жерді өзгертуге рұқсат беріледі

Туу туралы куәлікте туған жерді өзгертуге рұқсат беріледі

Туу туралы куәлікте туған жерді өзгертуге рұқсат беріледі
ашық дереккөзі
1307
Туу туралы куәлікте туған жерді өзгертуге рұқсат беріледі. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде туған, бірақ қазіргі уақытта ел аумағында тұрақты тұратын ҚР азаматтары туған жері ретінде Қазақстан Республикасының әкімшілік аумақтық орнын көрсете алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бас Прокуратура Бұл туралы бүгін ҚР Әділет министрлігінде Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысында талқыланды. «Неке және отбасы кодексінің 188-бабына «Қазақстан Республикасынан тыс жерде туған, бірақ қазіргі уақытта ел аумағында тұрақты тұратын ҚР азаматтары бір рет өз туған жерін өзгертіп, туған жері ретінде Қазақстан Республикасының әкімшілік аумақтық орнын көрсете алатыны туралы» өзгеріс енетінін оқыдым. Бұл норма не туралы және не үшін қажет?», - деді «Самұрық-Қазына» АҚ құқықтық қолдау және тәуекелдер бойынша басқарушы директоры Ғани Битенов. «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Заң жобасын талқылау барысында. Оның сұрағына аталған заң жобасын әзірлеуге қатысқан ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің жауапты хатшысы Жанат Қожахметов жауап берді. «Бұл біздің азаматтарға ыңғайлы болуы үшін жасалып отыр. Мәселен, бала ҚР аумағынан тыс жерде дүниеге келді және туу туралы куәлігінде сол мекенжайы көрсетіліп тұрады. Еш қиындықтар туындамауы үшін ол туған жері ретінде Қазақстан Республикасының әкімшілік аумақтық орнын көрсеткісі келеді. Сол үшін ҚР азаматы болып табылатын жандарға туған жерін бір рет өзгертуге мүмкіндік беруді ұйғардық. Біздің пікірімізше, мұнда еш қиындық жоқ», - деді Ж. Қожахметов. «Сонда ол адамдар туған жерін өзгерту арқылы президенттік сайлауға қатыса ала ма?» деген сұрақ қойылды. Бұл сұраққа ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Майра Айсина жауап берді. «Конституцияда тумысынан Республика азаматы болып табылатын, қырық жасқа толған, мемлекеттік тілді еркін меңгерген, Қазақстанда соңғы он бес жыл бойы тұратын және жоғары білімі бар азаматтың президенттікке сайлана алатыны жазылған. Бұл Конституцияға еш қайшы келмейді. Сондықтан, балалары өзге елде туған ата-аналарға бір мүмкіндік беруді шештік», - деді Майра Айсина.

Серіктес жаңалықтары