«Икс ауруы» адамға қауіпті ме?

«Икс ауруы» адамға қауіпті ме?

«Икс ауруы» адамға қауіпті ме?
ашық дереккөзі
370
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы аса қауіпті «Икс ауруы» жайлы ескерту жасады. Ғалымдар өлімге әкелетін вирустың аты белгісіз екенін, оны «Икс» деп өздері атағанын айтты. Бұл туралы Daily Star хабарлады. Норвегия Ғылыми Кеңесінің орындаушы директоры және ДДСҰ ғылыми кеңесшісі Джон-Арне Роттингеннің айтуынша, диагностикалық сынамалар мен вакциналар әлі де дайындалып жатыр. ДДСҰ бұл ауру түрінің Эбола вирусынан да, Ласса безгегінен де қауіпті болатынын айтады. Әзірге Икс ауруының қыр-сыры зерттелген жоқ. Мамандар оның үй жануарлары немесе АИТВ, яғни көпшілікке ВИЧ атауымен белгілі ауру түріне шалдыққан адамдармен байланысуы арқылы таралатынын айтады. Эбола вирусын жаппай жұқтыру жағдайы әлем бойынша 2015 жылы тіркелген және 11 мың адам сол дерттің құрбаны болған. Бұл дерт түрімен күресуге Қазақстан, Ресей мен Қытай мемлекеттері 60 млн доллар жұмсаған.

Серіктес жаңалықтары