Жээнбеков: Орталық Азия елдерінің стратегиялық мүдделері сәйкес келеді

Жээнбеков: Орталық Азия елдерінің стратегиялық мүдделері сәйкес келеді

Жээнбеков: Орталық Азия елдерінің стратегиялық мүдделері сәйкес келеді
ашық дереккөзі
275
Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков Астанада Орталық Азия елдері басшыларының кездесуінде аймақтағы мемлекеттер алдында халық игілігі үшін, қарым-қатынасты қайта қалпына келтіру міндеті тұр деп мәлімдеді. Оның сөздерінше, мұны қазіргі мүдде үшін емес, Орталық Азия елдерінің болашақ ұрпағы үшін жасалуы керек. «Сол себептен мен Өзбекстан президентінің Орталық Азия елдері басшыларының кездесуін тұрақты өткізу туралы бастамасын қуана қолдадым. Бұл кездесулер Орталық Азия елдерінің өзара интеграциясы үшін ғана емес, біздің рөлімізді әлемде көтеру үшін қажет», - деп Жээнбековтің сөздеріне сілтеме жасайды қырғыз президенті әкімшілігінің баспасөз қызметі. Сооронбай Жээнбеков егер бәріміз бір ұстанымда сөз сөйлесек, аймақтағы әрбір елдің маңыздылығы артады деп есептейді. Орталық Азия елдері мемлекет басшыларының кездесуі Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтің бастамасымен өтіп жатыр. Тараптар жыл сайын кездесіп тұруға уәде берді.

Серіктес жаңалықтары