Набира Рахымжан – «Қазақ аруы»

Набира Рахымжан – «Қазақ аруы»

Набира Рахымжан – «Қазақ аруы»
ашық дереккөзі
14848
Ақтаулық бойжеткен «Қазақ аруы» атанды. Алматыда «Қазақ Аруы» байқауының финалы өтті. Онда бас жүлдені ақтаулық Набира Рахымжан жеңіп алды, деп хабарлайды Lada.kz. Бірінші орынды қарағандылық Ақбота Бақытқали, екінші орынды шымкенттік Ақмарал Айтбаева жеңіп алды. Үшінші орынды ресейлік Самал Мұрадиядова алды. Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар: қазақ тілін, ұлттық дәстүрлерді, Қазақстан тарихы мен қазақ әдебиетін білу. Конкурсты ұйымдастырушы Баян Алагөзованың айтуынша, биылғы жылы бұл байқауға Түркия, Ресей, Моңғолия, Өзбекстан мен Қырғызстан сияқты елдерде тұрып жатқан этникалық қазақтар көп қатысты. «Қазақ аруы» байқауы биылғы жылы сегізінші рет ұйымдастырылып отыр.

Серіктес жаңалықтары