Өзбекстанда перзентханадан нәрестені сән-салтанатпен шығаруға тыйым салды

Өзбекстанда перзентханадан нәрестені сән-салтанатпен шығаруға тыйым салды

Өзбекстанда перзентханадан нәрестені сән-салтанатпен шығаруға тыйым салды
ашық дереккөзі
914
Өзбекстан билігі перзентханадан нәрестені сән-салтанатпен шығаруға тыйым салды. Өзбекстанның денсаулық сақтау министрлігі өзге мекемелермен бірлесіп перзентханадан жаңа туған нәрестені сән-салтанатпен шығарушыларға қарсы күрес жүргізіп жатыр. Бұл жөнінде жергілікті БАҚ хабарлады. «Баланың денсаулығы мен болашағына үйіне қандай көлікпен келгені, қандай оркестр күтіп алғаны немесе ертегінің қай кейіпкері қарсы алғаны маңызды емес», – деді денсаулық сақтау министрі Алишер Шадманов. Арнайы қабылданған шараға сәйкес, медициналық қызметкерлер акушер-гинекологтармен бірлесіп, жүкті әйелдермен және олардың отбасымен түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. «Біз медициналық көзқараспен бұл даңғаза шара сәби мен оның анасының денсаулығына кері әсер ететінін түсіндіруге тырысамыз. Сәби туғаннан кейін 40 күнге дейін ана мен баланың денсаулығы үшін ең маңызды кезең. Бұл кезеңде тіптен туыстарының болмағаны дұрыс»,– дейді Алишер Шадманов. Ол түсіндіру жұмыстары оң нәтиже беріп жатқанын атап өтті.

Серіктес жаңалықтары