Алматыда 27 мектеп ағылшын тілінде сабақ беруге көшті

Алматыда 27 мектеп ағылшын тілінде сабақ беруге көшті

Алматыда 27 мектеп ағылшын тілінде сабақ беруге көшті
ашық дереккөзі
674
Алматыда сарапшылар Оқулық жазу және оқытудың ағылшын тіліне көшу туралы ғылыми семинар барысында Алматы мектептерінде енгізіліп жатқан пилоттық жобалар туралы айтты, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі. Білім басқармасының хабарлауынша, қалада 27 мектепте эксперимент аясында оқыту ағылшын тіліне көшті. Бағдардамада биология, химия, физика, информатика сабақтары 8-кластарда ағылшын тілінде жүреді. Пилоттық жобаға 1116 бала қамтылған, 49 маман арнайы оқытудан өткен. «Үш тоқсан өтті. Ағылшын тілінде оқыту кезеңімен жүргізіледі. Кей мектептерде терминологиясы оқытылса, кейбірінде элементтер енгізіліп жатыр. Лингвистикалық мектептерде оқушылар пәнді тереңірек түсінеді. Әрине, бұл жоба - алғашқы қадам. Бұған кей жағдайда ата-аналар, балалар түсінбей жатады. Бірақ бұл кезеңнен де өту керек», - деді қалалық білім басқармасының бас маманы Қарлығаш Әбдіманапова. Оның айтуынша, оқушылар ұстаздардан гөрі ағылшын тілін тез меңгереді. Бұл үштілділікті енгізуде басты проблема. Өз пәнін мықты білетін тәжірибелі ұстаздар ағылшынды тез меңгеріп кете алмайды. Сол себепті біз магистратура бітірген студенттерді немесе шетелде оқып келгендерді алуға тырысамыз. Қазір 40 мұғалім курстан өтіп жатыр. Қыркүйектен бастап олар жаңа жүйемен сабақ беретін болады», - деді Қ.Әбдіманапова. Оның айтуынша, көптеген мектептер химия, биология, физика пәндерінен ағылшын тіліндегі оқулықтармен қамтылды. Айта кету керек, елде 100 нақты қадам ұлт жоспары аясында ағылшын тілінде оқыту жүйесі жүзеге асырылып келеді.

Серіктес жаңалықтары