254
Алматы әкімі Кемероводағы қайғылы жағдайға байланысты көңіл айтты
Алматы әкімі Кемероводағы қайғылы жағдайға байланысты көңіл айтты
Алматы әкімі Кемероводағы қайғылы жағдайға байланысты көңіл айтты. Бауыржан Байбек қаладағы Ресей Федерациясының Бас консулдығында болды. Қала басшысы «Зимняя вишня» сауда-ойын сауық орталығындағы алапат өрт салдарынан құрбан болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.
Ол Кемеровода 25 наурызда болған қайғылы жағдай бірде - бір қазақстандықты бейжай қалдырмағанын атап өтті. «Барлық қазақстандықтар сияқты мен де Кемерово қаласында өрт салдарынан адамдардың қаза тапқаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдадым. Орны толмас ауыр қайғыға ортақтаса отырып, Алматы қаласы тұрғындары мен жеке өзімнің атымнан марқұмдардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Өз кезегінде зардап шеккендердің барлығына тезірек сауығып кетуді тілеймін», - деді Бауыржан Байбек. Айта кету керек, Ресейдегі қайғылы жағдай кезінде қаза тапқандарды еске алу үшін қала тұрғындары Алматыдағы Ресей Федерациясының Бас консулдығы ғимаратына гүл шоқтары мен балалар ойыншықтарын әкелуде. Сонымен қатар, Алматы әкімі қаланың барлық сауда-ойын сауық орталықтарын, базарларды, вокзалдарды, мектептер мен ауруханаларды, бала бақшаларды және жұрт көп жиналатын орындарды өрт қауіпсіздік мәселесі бойынша тексеруден өткізуді тапсырған болатын. Мониторинг нәтижесінде кемшілік анықталған ұйымдарға тиісті шаралар қолданылады.