317
Алматыда тәуелсіз кәсіпкерлер ассоциациясының басшысы ұсталды
Алматыда тәуелсіз кәсіпкерлер ассоциациясының басшысы ұсталды
Алматы полициясы Тәуелсіз кәсіпкерлер ассоциациясының басшысы Талғат Акуовтың ұсталғанын хабарлады. Алматы қалалық ішкі істер департаментінің хабарлауынша, департаменттің тергеу басқармасы қоғамдық бірлестік төрағасы Талғат Акуовқа бұған дейін "азаматтардың арызы бойынша" қозғалған қылмыстық іс аясында іздеу жариялаған.
Акуов Қарағандыда ұсталған және тергеуге Алматыға жеткізілген. Полиция сот Акуовтың сыртынан оны қамауға алу туралы санкция берілгенін ғана хабарлап, істің мән-жайын толық айтпады.
Тәуелсіз кәсіпкерлер ассоциациясы 2000-жылдардың басында құрылған, ұйымның Қазақстанның бірнеше өңірінде филиалдары бар. Тәуелсіз кәсіпкерлер ассоциациясынан бұған қатысты комментарий алу әзірге мүмкін болмады.
2014 жылы БАҚ ассоциация басшысы "кәсіпкерге көп сомада ақша қарыз болып қалған соң" оған іздеу жарияланғанын хабарлаған. Ол кезде ассоциация Акуовтың жасырынбағанын, емделгенін мәлімдеген.