18 рет оқ атылып, 4 адам қаза тапқан
18 рет оқ атылып, 4 адам қаза тапқан
Маусым айы оңтүстiкқазақстандықтар үшiн мазасыз басталғандай. Мамыр айының ортасында ғана қазақ-өзбек шекарасына бағаналар қойылып, көршiлес жатқан Оңтүстiк Қазақстан облысы мен Ташкент облысының басшылары кездескен болатын. Алайда «Қазақстан мен Өзбекстанның шекараны нақтылауды бейбiт жолмен шешкен екi елдiң достық пен өзара түсiнiстiкте өмiр сүре алатынын көрсетедi. (Ташкент облысының хокимi Козима Тулагановтың сөзi. — О.Д.) деген әңгiменiң ыстығы басылмай жатып-ақ шекарада тағы бiр қайғылы оқиға орын алды. Нақтырақ айтсақ, шекара маңындағы Қызыл Сарқырама ауылында қазақстандық азамат оққа ұшты.1 маусым күнi Нұржiгiт Ботанов Өзбекстан территориясында тұратын туысқандарын шығарып салу үшiн таксимен жолға шығады. Қазақстандық шеқарашыларға құжаттарын көрсетiп, ешқандай кедергiсiз шекарадан өтедi. Ендi оларды өзбекстандық шекарашылар тоқтатады. Құжат тексеруден кейiн шекарашылар оларды ары қарай жiбермейтiндiктерiн мәлiмдейдi. Ештеңе өндiре алмасын сезген қазақстандық азаматтар (екi ер кiсi, екi әйел азаматы) ендi керi, яғни Қазақстанға қарай қайтуға рұқсат сұраған. Бiрақ шекарашылар бұған да рұқсат бермей, нәтижесiнде арада аз-кем ұрыс-керiс орын алады. Осыдан кейiн Н.Ботанов керi бұрылады да, Қазақстан жаққа қарай бет алады. Осыны күтiп тұрғандай өзбекстандық шекарашылар Нұржiгiт жаққа оқ жаудырған. Оқ тиiп, жараланған Нұржiгiт ауруханаға апара жатқан жолда қайтыс болады.Оңтүстiк Қазақстан облысы Сарыағаш аудандық IIБ-нiң бастығы Нұралы Қырғызәлиевтiң айтуына қарағанда, бұл оқиға жөнiнде нақты мәлiметтер жинақталып, Өзбекстанның құқық қорғау органдарына тапсырылады екен. Десекте, Оңтүстiк Қазақстан облысы прокурорының халықаралық iстер жөнiндегi көмекшiсi Айқынбек Бектөриевтiң мәлiмдеуiне қарағанда, бұл өзбекстандық шекарашылардың Қазақстан азаматына оқ атқан 18-i оқиға, оның төртеуiнде оқиға адам өлiмiмен аяқталған. Ал, бiрақ бiрде-бiр өзбекстандық шекарашы қылмыстық жазаға тартылмапты. Яғни, бұл қайғылы оқиғаның аяғы да iз-түзсiз кетуi әбден мүмкiн деген сөз.Ал, бейсенбi күнi таңертеңгiсiн Оңтүстiк Қазақстан құқық қорғау органдарына «Оңтүстiк Қазақстан гуманитарлық академиясының ғимаратына жарылғыш зат қойылған. Түске дейiн бiздiң талабымыз орындалмаса, ғимаратты жарамыз» деген хабар түседi.Бұрын Қазақ-кувейт университетi, кейiннен ОҚ гуманитарлық академиясы атанған бұл оқу орны жыл басында жабылған болатын. Және бұл бiлiм ордасы жайлы «террористiк пиғылдағы ұйымдар бар екен, студенттердi сол ұйымға мүше етiп жатыр екен» деген сөз желдей гулеп тұрған.Осы оқиғаға орай облыстық төтенше жағдайлар жөнiндегi басқармамен хабарластық. Ондағы баспасөз қызметiндегiлердiң айтуларына қарағанда, «Академияға бомба қойылды» деген мәлiметтi IIББ-на сол күнi 10 сағат 20 минутта аталған оқу орнының ректоры хабарлаған екен. Ал, ректорға бұл мәлiметтi осы оқу орнының күзетшiсi мәлiмдеген. Бiрақ құдайға шүкiр, «академияға бомба қойылды» деген хабар жалған болып шықты.
Таңсұлу Алдабергенқызы