Бұрынғы қызметiне қайта оралды...бiрақ

Бұрынғы қызметiне қайта оралды...бiрақ

Бұрынғы қызметiне қайта оралды...бiрақ
ашық дереккөзі
440

Сотпен емес, қоғамдық пiкiрге иек арта отырып, өз дегенiне жет­кен белгiлi журналист Несiп Жү­нiс­байұлы жұмыссыз жүрген үш-төрт ай көлемiнен соң бас редак­торлық қызметiне қайта тағайын­далды. Жұмыссыз жүрген осы уа­қытта жалақысы өндiрiлiп берiлдi…

Алайда, журналистер қауы­мымен Ұлттық баспасөз клубында тағы да бас қосқан журналист Н.Жүнiсбайұлының бұдан әрi қарай сол баяғы қызметiне ора­луға аса құлқы болмайтынын ай­тып мәлiмдеме жасады.

— Иә, «Sport and KS» спорт га­зетiнiң бас редакторлығы қыз­метiнен заңсыз босатылған сәттен мен оның нақ себебiн анықтауды басты мақсат еттiм. Басқа БАҚ әрiптестерiмнiң, «Әдiл сөз» сөз бостандығын қорғау Халықаралық қорының, «Журналисты в беде» қорының, депутаттық корпустың, сенатор Сұлтановтың және премь­ер-министр Д.Ахметовтiң арала­суы­мен туризм және спорт Агент­тiгi басшылығы iс-әрекеттерiнiң заңсыздығы дәлелдендi.

Рас, қызметiм қалпына кел­тiрiлдi, жалақым да қайтарылып берiлдi, бiрақ бұрынғы жұмы­сымды онан әрi жалғастыруға келiсе алмай, және оның ешбiр мүмкiн еместiгiн сезiп, мен өз еркiммен жұмыстан босату жө­нiнде арыз жаздым. Сондықтан, Туризм және спорт агенттiгiнiң басшысы Д.Тұрлыхановтың маған көрсеткен заңсыз әрекеттерiне наразылық ретiнде мен өзiмнiң бүкiл саналы ғұмырымды арнаған спорт журналистикасынан кете­тi­нiмдi мәлiмдеймiн».Спорт саласынан да, жур­налистика саласынан да атақ-дәрежесi жетiп артылатын Несiп Жүнiсбайұлы сөйтiп, өзiнiң сүй­iктi кәсiбiнен ығыстырылып, кете барды.

Журналистермен болған бас­пасөз мәслихатында ол әрiптес­терiнiң бiраз сауалдарына жауап қайтарғанымен, агенттiк төраға­сымен екеуара болған әңгiмесi бiзге жұмбақ күйiнде қалды. Тек бiздiң «Спорт журналистикасына қайта оралуыңыз мүмкiн бе?» деген сауалға Н.Жүнiсбайұлы:

— Мүмкiн… Бәрi мүмкiн. Туризм және спорт агенттiгiнiң қазiргi басшылығы өзгерсе, сол күнi келемiн, — дедi де, әрiп­тестерiнiң жасаған қолдауына тағы да риясыз ризашылығын бiлдiрдi.

Гүлнәр Мұқанова

Серіктес жаңалықтары